Өлең, жыр, ақындар


Дүниеде бір алыпты көрдім күшті,
Бар салмақ дүниедегі соған түсті,
Құнарлы қуатынан тояттанып,
Әр түрлі жер бетінде жеміс пісті.

Күн



Ар жағында орманның,
Ар жағында таулардың,
Алтын кеспек домалар.

Күн



Табан, табан, табан ақ,
Табаны жалпақ қоян ақ.
Күлген көзі күмістен,
Келе жатыр қоян ақ.

Күн



Жалғанда бір нәрсе бар аяқ қапты,
Ұшады кешке дейін дамыл таппай.

Күн



Ай далада ақ шатыр,
Ақ шатырдың ішінде
Қызыл көзді шал жатыр.

Аспан, күн



Көрінді ту алыстан көкше теңіз,
Тырнадан он бірі арық, бірі семіз,
Бөлініп бір топ үйрек кетті-ау ұшып,
Ол үйрек әлде жеті, әлде сегіз.

Аспан,он екі ай, бір ай ораза, үркердің бірде жеті, бірде сегіз болып көрінуі



Бір анасы, бір атасы,
Бірнеше мың баласы.

Ай, күн, жұлдыздар



Дарияда жайын жүзер дөп-дөңгелек,
Қанаты асты қара бір көбелек.
Жанады бір шаһардан сансыз шырақ,
Адамға қиын екен санап білмек.

Ай, күн, күндіз, түн, жұлдыздар



Алтын кетті,
Күміс келді.

Күн мен ай



Біреудің бір ұлы бар және қызы,
Біледі ол екеуін дүние жүзі.
Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз,
Жүргенде білінбейді басқан ізі.

Күн мен ай



Тең,тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз.
Арасында киіздің
Сайрандаған қос мүйіз.

Ай, күн



Айтайын мен жұмбақ сексен сегіз,
Шешуі қиын емес ескерсеңіз.
Болады бірі өткір, бірі өтпес,
Ақылы мұны тапқан ұшан-теңіз.

Ай мен күн



Су ішінде екі жайын,
Бірі кетсе, бірі дайын.

Ай, күн



Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды,
Екеуі қызықтырған талайыңды.
Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса,
Тұрады нұрға малып маңдайыңды.

Ай, күн



Бір қоян қайың тауды арқалаған,
Ертерек қоян еді марқалаған.
Жолында алтын гауһар толып жатыр,
Еш адам ала алмайды балталаған.

Күн мен сағым



Екі тері,
Екеуі де кең тері.

Аспан, жер



Түбі көк дария,
Іші мұнара,
Отыз шешегі.

Аспан, отыз күн



Жапанда жайнап тұрған бір бәйтерек,
Заты бар бұтақ сайын жанға керек.
Балта, шөміш, түрен мен мойынтұрық-
Төртеуін таңдап алдым ерекше елеп.

Түнгі аспан, Үш арқар, Жетіқарақшы, Көкбозат, Ақбозат, Арқан,Таразы жұлдыздары



Бір түкті кілем,
Бірі түксіз кілем.

Аспан, жер



Төңірегі тең көрініп,
Теген жатыр төңкеріліп,
Жас та сиған, кәрі сиған,
Астына оның бәрі сиған.

Аспан