Өлең, жыр, ақындар


Күн шықпай сап аттанды,
Қуырады апшыны.
Шырт ұйқыда жатқанды,
Оятады ащы үнi.

Қораз



Өзi кiлем түрiндей,
Құдды қырдың гүлiндей.
Гүлге қонса кетедi,
Айырмасы бiлiнбей.

Көбелек



Қауырсыны көгiлдiр,
Кiшкене құс.
Беткейде өрiп жүр.

Кекiлiк



Бояуы сан түрлi,
Түрi ұқсас тауыққа.

Бұлдырық



Тұрқы кептерден кiшi,
Сарғыш мамық төсi.
Айдары желкесiнде,
Өрнегi өр төсiнде.
Бұл қандай құс?

Күжiргей



Айдары шағын,
Қаракүрең сауыры
Аппақ қардай бауыры.

Қызғыш



Ұшқанда өте ұшқыр,
Алдына жан салмайды.
Алға да,
Артқа да самғайды.
Гүлдердiң сорып сөлiн,
Басады шөлiн.
Жылы жақта мекенi,
Бұл не екен?

Колибра



Бес грамм салмағы,
Тұмсығы қармақ.
Қыраннан қалмайды,
Биiкке ұшса самғап.

Королек



Сазды жер мекенi,
Құрт-құмырсқа қорегi.
Кереметтей өнерi,
Қанаттан үн бередi.

Тауқұдiрет



Маңдайы ақ қасқа,
Ақ жерi жоқ басқа.

Қасқалдақ



Сарғыш бояу жалатқан,
Тұмсығы бар қалақтан.
Қауырсыны бiр уыс,
Қара сирақ iрi құс.

Жалбағай



Өзi ұя салмайды,
Мекендейдi шатырды.
Бау-бақшаны барлайды,
Зиянкеске батыл-ды.

Жарқанат



Жалаңаш болған соң,
Күн бойы бұғады.
Өзегi талған соң
Түнде ұшып шығады.

Жарқанат



Қалқан құлақ,
Қанаты бар шатырдай.
Жардан жырақ,
Түнде ұшады батырдай.

Жарқанат



Қалқиып құлағы,
Күндiз бұғады.
Серуенге тек,
Түнде шығады.

Жарқанат



Түнде жортады,
Жарықта қорқады.

Жарқанат



Күндiз сөнген шырағы,
Түнде көрер қырағы.
Тiкiрейiп айдары,
Егiн жауын қырады.

Үкi



Шұнтиып қос құлағы,
Түнде көрер қырағы.

Үкi



Қара жағал кiшкене,
Қанаты бар сүйрiктей.
Оған теңдес құс кәне?
Тапшы осындай жүйрiктi?

Жағалтай



Жұдырықтай шұбар құс,
Мекенi қыр,
Жұпар дүз.
Дыбыс шықса тыпырлап,
Ұшады тез бытырап.

Шiл