Эссе және өлең-жыр байқауы

Ыдыс-аяқтар


Қабақта қара бурам шөгіп жатыр.

Қазан



Кiшкене тегештей
Қарыны бар кемештеу.
Құдды қайың берiшi,
Iшiнде шөл дәрiсi.

Саптыаяқ



Сым қуалап бойлайды,
Бұрқылдап іші қайнайды.
Әңгіме шертер мән жайлы,
Әжеңнің қамын ойлайды.

Электр самауыр



Тақия, мұрын, бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар.

Шәйнек



Ыстық құйып қой, мейлі,
Аязда да суытпас,
Суық құйып қой, мейлі,
Шілде айында жылытпас.

Термос



Ыстық құйып қой, мейлі,
Аязда да суытпас,
Суық құйып қой, мейлі,
Шілде айында жылытпас.

Термос



Кесе, шыны, пиала –
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?

Ыдыс



Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырыс жалап тұр.

Қазан, от



Терi құдық қауғасын,
Тарттым да,
Қанып iштiм дәмдi асын.

Саба



Құлағы бар қалқиған,
Аузы бар аңқиған.
Шығып алып ерте-кеш,
Төрт аяққа талтиған,
Қыздырады жалынға
Дәу қарынын қампиған.

Қазан



Көлшiкте жүзiп
Түбiн шарлап шығады.
Қауғасы сүңгiп,
Балығын аулап шығады.

Кепсер



Күмiс күбi –
Ортасында құбыры бар,
Тесiк түбi.

Самаурын



Аузы төбесiнде,
Тұтқасы денесiнде.

Құман



Отқа қойсаң елпiлдеп,
Быж-быж етiп тұншығар.
Тақиясы селкiлдеп,
Танауынан бу шығар.

Шәйнек



Сабы бар,
Басы шатыр.
Табысын өлшеп әкеп,
Құдыққа тасып жатыр.

Қасық




Мөлдiр түрi,
Шеңбер түрi.
Аузы тарлау,
Шыны күбi.

Құмыра



Ыстықты суытпайды,
Суықты жылытпайды.

Термос




Өткiр жүздi келедi,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледi,
Ұсақтап та тұрар ол.

Пышақ



Қорғаны дөңгелек,
Майда мен iрiнi,
Шығарар бөп-бөлек.

Елгезер



От ішінде үш таяқ,
Үшеуі де күшті аяқ.
Ортасында ілгегі.
Ілгегінде ілгені.

Мосы мен шәугім