Өлең, жыр, ақындар


Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тiс.

Жүгерi



Аласа терек
Күлтеленген жалына,
Ұнаса керек,
Моншақ таққан малына.

Тары



Бiреу бердiм,
Онын тердiм.

Тұқым



Маржанын түзген,
Сатылап тiзген.

Масақ



Бұтақ басында
Ұясы бар,
Дәл осында –
Өмiрiң бар.

Бидай



Дөңестеу жотасы,
Бауырында сызығы,
Тамақтың атасы,
Баршаның ырзығы.

Бидай



Асыраған –
Ел-жұртты,
Жер мұратты.

Бидай



Жезге ұқсас сабағы,
Дәнi – халық тамағы.

Бидай



Қыр басында әрқилы,
Сары теңiз толқиды.

Егін



Тегiс жер кесiлдi,
Арқандай есiлдi.

Жыртылған жер




Жүруге жоқ, шығуға жарар жаны бар,
Тәртіппенен тұратын өз әлінше сәні бар.
Керек болар кейін деп түйіп алған,
Азық қылар бір азырақ дәні бар.

Егін



Сан сыры бар ғаламның;
Көлдің түбін жайлаған.
Суда жүзген адамның
Аяғынан байлаған.

Шалау



Қырық бунақ,
Қыруар жапырақ.
Жел соқса шулап,
Ән салар атырап.
Айдарынан
Ақ ұлпасы төгіліп,
Күзде тұрар самсаған
Сары найзадай көрініп.

Қамыс



Өнеді суда,
Өседі суда.
Береді өнім
Айналып нуға.

Күріш



Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.

Ас бұршақ



Күзде ырыс тасыған
Бір керемет бақша бар.
Бұтасының басынан
Жинайды жұрт ақша қар.

Мақта



Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.

Асқабақ



Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы.

Қауын-қарбыз



Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар?

Мақта



Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұнға да,
Айналар нанға да.

Бидай