Өлең, жыр, ақындар


Тасты жапқан түк кiлем,
Тамыры жоқ мүк кiлең.

Қына



Тасты тесiп, күресiп,
Терең жайып тамырын.
Ақ күлгiн шөп тұр өсiп,
Қарсы ап дәйiм таң нұрын.

Тау гүлi



Шөлде
Гүлдейдi, құлпырады,
Суда
Өмiрi қырқылады.

Сексеуiл



Әсем гүлдi өсiмдiк,
Жыл бойы тұрады.
Жапырағы көгерiп,
Салтанат та құрады,
Гүлшоқ болып өрiлiп.

Лавр



Жазғы киiмi жасыл,
Қысқы киiмi ақшыл.

Қар жамылған ағаш



Жазда жайнайды,
Күзде жайрайды.

Ағаш жапырағы



Жасыл болып жыпырлап өнедi,
Сары болып үзiлiп семедi.

Жапырақтар



Топырақтан нәр алып,
Тамырлары таралып.
Өсiп шықты еккенiм,
Көрiктендi мекенiм.

Ағаш көшетi



Қысы-жазы шешпейтiн,
Көйлегi бар жасылдан.
Өзгертпейдi еш кейпiн,
Жаралғандай асылдан.

Шырша



Ағаштардың көркемi,
Мәңгi жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау-өлкенi,
Кәусәр ауа жұтады.

Шырша



Жасыл тонының бояуы,
Жыл он екi ай оңбайды.
Дiнi, бүршiктi сояуы
Қысқы аязға тоңбайды.

Шырша



Дауылға да, аязға да,
Шыдап бағар мiзбақпай.
Тау етегi тұрағы,
Жап-жасыл боп тұрады.

Қарағай



Дауылға нық күшi,
Ағаштың мықтысы.

Емен



Арулары бақшаның,
Көктемдi қатты сағынып.
Шуаққа шықты
Шап шағын,
Бантиктерiн тағынып.

Алма ағашы



Қар астында қыстады,
Ақпен бөркiн тастады.

Бәйшешек



Күн нұрымен пiседi,
Уылжып қолға түседi.

Жемiс



Үйi де жоқ,
Күйi де жоқ.
Бiрақ
Жауыннан да,
Дауылдан да
Қымсынбайды.
Ыстыққа да,
Суыққа да
Шын шыдайды
Шешуiн айта ғой,
Балалар бiлсiн жайды.

Өсiмдiктер



Тау тау ақ қар,
Ерiмейдi ыстықта.

Мақта



Кең алқап ақ түске,
Бейне бiр малғандай.
Күзде де, тал түсте,
Қар жауып қалғандай.

Мақта алқабы



Жүзiн орап гүлменен,
Күнге қарап телмiрер.
Тiспен шағып,
Тiлменен,
Дәмiн татқан ел бiлер.

Күнбағыс