Өлең, жыр, ақындар


Аласа ғана бойы бар,
Қойнына тыққан наны бар.

Бидай



Екі жағы бүртік,
Ортасы сызық.

Бидай



Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар.

Бидай



Мысық мұртты,
Өрмек басты.

Бидай



Аласа терек,
Алпыс бұтақ,
Бұтақ сайын ұя,
Ұя сайын жұмыртқа.

Масақ



Желі басында бес бие,
Бесеуі де жас бие.
Құлындары құла ала,
Құлақтары сары ала.

Масақ



Алтын аяқты,
Алтын десем - азығы жоқ,
Ол жоқ болса - алуы жоқ.
Дүние толған адамның
Баршасы да теп-тегіс,
Біріне бірі қарауы жоқ.

Астық пен аштық



Жасынан тәрбиелеп бала бақтым,
Өсіріп ол баланы жұртқа жақтым.
Күніне екі-үш рет көрмей тұрсам,
Болмайды бұл дүниеде менің нақтым.

Егін, ішкен тамақ



Қар астында қыстағаны,
Жасыл бөрік тыстағаны.

Күздің егіні



Ұстарамен алынбас,
Ұйысып тұрған қалың шаш.

Егін



Біздің ел сұратады сегізіңді,
Бұғыдай мойны жуан семізіңді.
Алдынан алақанын төсеп алып,
Тартады тойғызам деп негізіңді.

Егін



Жеп жатарда жасқанбай бірді берсең,
Ондап-жүздеп аларсың егер көрсең.
Еш уақытта еңбегің еш болмайды,
Әрекет қып, беріп ал, тіліме ерсең.

Егін



Бұтаға iлген үлпершек,
Iшi нәрлi қызыл сөл,
Терiп алып үлгерсек.

Бүлдірген



Желден қатты сасады,
Томпалаңдап қашады.
Тiрелгенше дәңге кеп,
Дедектейдi дөңгелеп.

Қаңбақ



Тұлымы бар төбесiнде,
Күлтеленiп шумақталған,
Құлағы бар денесiнде,
Сұңғақ бойы бунақталған.

Қамыс



Басына үлпiлдетiп таққан шашақ,
Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.

Қамыс



Көлдi жердiң
Үкiлi аруы.
Өткiр желдiң,
Саз тартар қаруы.

Қамыс



Саздауыт жерде өседi,
Қош иiсi аңқыған,
Шипа өсiмдiк деседi.

Жалбыз



Аумайды бiр қылыштан,
Пүлiш түсi жап-жасыл.
Соғылғандай мырыштан,
Өтпейтұғын жап-жасыл.

Қияр



Өзiне шап шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап.

Бақбақ