Өлең, жыр, ақындар

  • admin
  • 17.04.2015
  • 2
  • 3
  • 2259


Альберт пен Бернард Шерилмен достасты. Достастқаннан кейін олар Шерилдің туған күнін білгісі келіп, одан туған күнін сұрады. Шерил оларға 10 вариант ұсынды:
15-Мамыр, 16-Мамыр, 19-Мамыр,
17-Маусым, 18-Маусым,
14-Шілде, 16-Шілде,
14-Тамыз, 15-Тамыз, 17-Тамыз.

Сосын Альбертке қай ай екенін, Бернардқа қай күн екенін айтты. Осыдан кейін Альберт пен Бернард арасында мынадай диалог болды:
Альберт: Мен Шерилдің туған күнін білмеймін, бірақ Бернардтың да білмейтінін анық білемін.
Бернард: Мен Шерилдің туған күнін білмейтін едім, енді білемін.
Альберт: Енді мен де білемін.

Шерилдің туған күні қашан?

Берілгені 10 күн, күндер 14 пен 19 арасы. 18 және 19 тек бір ғана рет кездеседі. Егер, Шерилдің туған күні 18-і немесе 19-ы болғанда, Бернард қай ай екенін де сол мезет білуші еді.

Ал Альберт Бернардтың білмейтінін қайдан біледі?
Егер, Шерил Альбертке мамыр немесе маусым айында туылдым деп айтқан болса, оның туған күні 18-і немесе 19-ы болу ықтималдығы бар еді. Бұл жағдайда, Бернардтың білуі де мүмкін еді. Ал шын мәнісінде, Бернард білмеді, мұны бізге Альберт:
"Бернардтың білмейтінін нақты білемін" деп айғақтап тұр. Демек, Шерилдің туған айы мамыр және маусым айларында бола алмайды.

Бірінші Бернард Шерилдің туған күнін білмеді. Альберттің сөзінен кейін, ол қалай біле қойды?
Шілде мен тамыз айындағы берілген күндердің ішінде 14-і ғана екі рет кездеседі. Егер, Шерил Бернардқа оның туған күні 14-і деп айтқанында, Бернард Альберттің сөзінен кейін де қай ай екенін біле алмас еді.
Бернардтың, Альберттің сөзінен кейін туған айды дереу біле қоюы - 14-і емес екенін білдіреді. Демек, бізде 3 вариант қалады: 16-шілде, 15-Тамыз, 17-Тамыз.

Бернардтың сөзінен кейін Альберт те Шерилдің туған күнін біле қойды. Егер, Шерил Альбертке тамыз айында туылдым деп айтқанда,
Альберт біле алмаушы еді, өйткені 3 варианттың екеуі тамыз айына түседі.
Демек, жауап: 16-шілде.

Пікірлер (3)

kz2015

Жауап

Bain

15-мамыр

Bain

15 тамыз ба?

Пікір қалдырыңыз

Қарап көріңіз

Басқа да бөлімдер: