Өлең, жыр, ақындар

Жаңылтпаштар

«Әжеме керек көзілдірік!»
Деп ойладым өзім біліп.
Көзілдірікке қоса
Қажетті
Газетті әкеп,
Әжемді мәз еттім.


Ат жемейтін
Ащы шөптің
Шыққанынан
Шықпағаны жақсы ма?
Шықпағанынан
Шыққаны жақсы ма?


Үш-төрт бала бір-бірін
Келекеледі біртүрлі.
«Кімге кім күлді?» деп,
Бір-біріне ұмтылды.
Басы піспес баланы
Етеді ме жұрт үлгі?


Аңғарда
Аң бар.
Аңысын аңдып,
Ататын жан бар.
Аңды аямайтын
Браконьерді аңғар.


Қоңсы тұратын Қоңқыштың
Қоңызы да жоқ,
Доңызы да жоқ.
Қоңыр үнді қобызы бар.


Әрі-бері жүретін,
Әбігерленіп үретін
Арлан итім
«Р-р-р» дейді.
Қырық екі әріптің
«Р»-дан басқасын білмейді.


Қанаттың арманын
Қанағаттандыра алмадық.
Қанағаттандыра алмағанымыз сол –
Қалаға аттандыра алмадық.


Мағазды мазалама,
Мағаз қағазға жаза ала ма?
Мағаз қағазға жаза алмағасын,
Қағаз қайық жасаған
Мағазға айып таға алмайсың.


Шарханның
Шақшадай басы шарадай болды.
Шалшыққа аунап,
Қара лай болды.


Үш ұшқыш ұшады,
Үш ұшқыш ұшса,
Үш құс та ұшады.
Ұшқыш ұша ма?
Үш құс ұша ма?


Алатауда аңғарлар бар,
Алатауда заңғарлар бар,
Аңдар заңғарларда ма,
Аңғарларда ма?


Қаршығаның қарашығының қарасынан,
Қарлығаштың қанатының қарасы қара ма?
Әлде қарлығаштың қарашығынан,
Қаршығаның қанаты қара ма?


Мен сенің сөзіңе сенгенім –
Мен сенің өзіңе сенгенім.
Сен менің сөзіме сенгенің –
Сен менің өзіме сенгенің.


Бақа батпақта ма?
Бақбақ батпақта ма?
Бақа бақта ма?
Бақбақ батпақта ма?


Серкені Серік ерте ме,
Серікті серке ерте ме?
Серке ерке ме,
Серік ерке ме?


Секіріп,
Жүгіріп,
Қарғып,
Ойнадық мақтаны қар ғып.


Бұзау, қозы, тай, лақ та,
Құлындар да, тайлақ та
Жүрген жаңа сай жақта.


Жең, жең емей, балақ па?!
Жылқылардың бәрі ат па?!
Ата-бабалардың
Барлығының тамы ақ па?


Ала сиыр, ала қарға
Жүр ғой, әне, ала қарда.
Қарқылдайды қара қарға
Жалпылдайды ала қарға.


Жесін биыл жазда
Біздің екі қазға
Бір қап тары аз ба?
Онда бос қап табайық,
Екі қабын алайық.