Өлең, жыр, ақындар

Жаңылтпаштар

  • 10.09.2019

Ол алқапты олар орар,
Бұл алқапты бұлар орар,
Орал ормаса, Омар орар.


  • 10.09.2019

Нақаш ағасы – нағашысы,
Нағаш – Нақаш нағашысының нағашысы.


  • 10.09.2019

Малтам бар қалтамда,
Бір қалта арқамда.


  • 10.09.2019

– Мынау балқаймақ қай балқаймақ?
– Бұл балқаймақ – май балқаймақ.


  • 10.09.2019

Малға,
Шөп керек,
Шөп көп керек,
Көк шөп керек.


  • 10.09.2019

Мұзға мұз ұқсас,
Тұз – тұзға ұқсас,
Мұз да, тұз да ұқсас.


  • 10.09.2019

Мынау тұрған неменелер?
Неменелер дегенің шөмелелер.
Төбедегілер де шөмелелер.


  • 10.09.2019

Мергеннің еңбегі – ерлігі,
Ермегі – еңбегі.


  • 10.09.2019

Маған аға:
«Шықшы,– деді,– бағанаға».
Маған аға:
«Шықшы,– деді,– далаға да!»


  • 10.09.2019

Маған сенсең, көк сеңсең көп сеңсең,
Өзгелер сенбесе сенбесiн, маған сен сен.


  • 10.09.2019

Мына сайда отырған бай Бағланбай
Бұл қай бай Бағланбай?
Бұл қай бай Бағланбай?


  • 10.09.2019

Мынау арал қай арал?
Қайың менен тал арал,
Талға қарға ұялар.


  • 10.09.2019

Лаула алау лаула,
Алауласын аула.


  • 10.09.2019

Лама жайын білдің бе?
Лана гүлін тердің бе?


  • 10.09.2019

Қалдың ба байқамай,
Озған қай тай,
Қалған қай тай?


  • 10.09.2019

Қақпаға оқтай тақтай қақпақ,
Қақпаға оқтай тақтай таппақ.


  • 10.09.2019

Қара бүркіт томағасын түсіреді,
Оны мен томағаламай,
Кім томағалайды?
Оны мен томағаламай,
Кім томағалайды?


  • 10.09.2019

Қырық құрықтық
Сырық қырықтық.


  • 10.09.2019

Қыс түсті, қыс қысты, құс ұшты,
Қыс түсті, қысқы істі, қыста істе.


  • 10.09.2019

Қыс қатты-ақ,
Қыспаққа-ап.
Құс тоңып жүр,
Қыстап қап.