Өлең, жыр, ақындар

Жаңылтпаштар

  • 10.09.2019

Шырмауық шөп,
Шырмалып кеп
Талға жабысады.
Ошаған,
Тасадан
Малға жабысады.


  • 10.09.2019

Шалабай саба пісті,
Шамалап шала пісті.


  • 10.09.2019

Шалғы саптап,
Шөп шап.
Шөп шапсаң, көп шап.
Көп шапсаң, шапшаң шап,
Шапшаң шапсаң,
Шаршап жат.


  • 10.09.2019

Шәугімдегі шай қайнады ма?
«Шай қайнады!»– деп,
Шешем айқайлады ма?


  • 10.09.2019

Шеше, шеше,
Неше кесе
Сынды кеше?


  • 10.09.2019

Шалабай шыли шалағай,
Шалағай шыли Шалабай.
Шақша басы шарадай,
Шаладай шала Шалабай.


  • 10.09.2019

Шахматшы болсаң келе ғой,
Шоқанды қане, жеңе ғой.


  • 10.09.2019

Шапанымда сан қалтам бар,
Қай қалтамда сары малтам бар?
Малтам жалғыз, қалтам сансыз,
Тапқан алсын, малтам даусыз.


  • 10.09.2019

Шаш ал,
Қас алма.
Ас ал,
Қасарма!


  • 10.09.2019

Шемiшке шақсаң шақ,
Шапшаң шақ.
Шөбiңдi шапсаң шап,
Шапшаң шап.


  • 10.09.2019

Шүрегей сүңгiгiш пе,
Сүңгуiр сүңгiгiш пе?


  • 10.09.2019

Шөмеленбеген шөптi
Мен шөмелемей,
Кiм шөмелейдi.


  • 10.09.2019

Шiлiктi шаптым,
Жiлiктi астым.
Шiлiктi жақтым,
Жiлiктi шақтым.


  • 10.09.2019

Шымдай шытырмыш,
Ол шытырмышты
Мен шым-шытырмыштамай
Кiм шым-шытырмыштайды?


  • 10.09.2019

«Хатима мен
Хатипаға,–
Хамит аға,–
Хат жазғын»,– деді.


  • 10.09.2019

Хабиба сөмке көтерген,
Хат-хабар күнде әкелген.


  • 10.09.2019

Үлгілік – үйретуден,
Үлгерулік – үйретуден,
Үлгілілік – үздіктен,
Үздіксіз үйретуден.


  • 10.09.2019

Үшкір тұмсық,
Сұр шымшық,
Сордан ұшты
Құрт шымшып.


  • 10.09.2019

Үйрек дәйім тіледі,
Үлгілі үйрек болуды.
Үкімен бірге үнемі,
Үрікпей жүру көңілді.


  • 10.09.2019

Үйір-үйір үйректі,
Үйірге кім үйретті?
Үйір-үйір үйректі,
Үйірге өзім үйреттім.