Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (6) Ұлағатты сөздер (15)

Қой бастаған арыстан тобынан,арыстан бастаған қой тобы артық.

Ілмектер: басшы, арыстан, қой Бауыржан Момышұлы

Кеме капитаны апатқа ұшырауға қалай жол бермесе, мемлекет басында отырған кез келген басшы дәл солай соғыстан бас тартуы тиіс.

Ілмектер: соғыс, капитан, басшы, Мемлекет Ги де Мопассан

Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса - елдің бағы.

Ілмектер: ел, басшы, сатқын, бақ Білге қаған

Жұмысты шектен шығып ынтамен істесең, басшының сенімін жоғалтасың. Егер достықта шектен шығып ақкөңіл болсан, досыңның сенімін жоғалтасын.

Ілмектер: Достық, жұмыс, ақкөңіл, басшы Конфуций

Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.

Ілмектер: халық, жетім, дана, азамат, басшы Сырым Датұлы

Жолдасын таппаған ер азады,
Басшысын таппаған ел азады.

Ілмектер: жолдас, ер, басшы, ел Мұхтар Әуезов

Біздің әкімдеріміздің әрекеті көбінесе «Потемкин атаның қулығына» ұқсап кетеді. Олар басшыларды қиыр қонып, шет жайлап жатқан ауылдарға апармайды.

Ілмектер: әкім, нақыл, афоризм, басшы, ауыл Шерхан Мұртаза

Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.

Ілмектер: Жүсіп Баласағұни, нақыл, афоризм, адам, басшы Жүсіп Баласағұни

Басшылар жұмысты орындауды негiзiнен оны атқаруға неғұрлым қабiлетсiзге тапсырады.

Ілмектер: басшы, жұмыс, қабілетсіздік, қабілет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Анатолий Злобин

Iрi наградалар керi кетушiлiктiң белгiсi… Ең нашар императорлар сый-сыяпатқа жомарт болатын.

Ілмектер: нашар, басшы, император, сый, сыяпат, жомарт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шарль Луи Монтескье

Басшы қабандай қайсар, қасқырдай күштi, сауысқандай сақ, қаршығадай қырағы болсын. Бастық елдi билеу, шаруашылықты ұйымдастыру туралы жазылған ғылымның негiзiн жақсы бiлуi қажет. Халықты дұрыс басқару үшiн басқару ғылымын меңгермей болмайды.

Ілмектер: басшы, қайсар, нақыл, афоризм, халық, ел, билік Жүсіп Баласағұни

Басшы болу деген мамық креслоға жайғасу, байлыққа белшеден бату емес, керісінше ел жүгін, халық аманатын, ұлт тағдырын мойнына алу деген сөз, оның ертең сұрағы болары хақ.

Ілмектер: басшы, бастық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, байлық, ел, халық, аманат, ұлт, тағдыр Нұрхалық Абдырақын

Бұйрық — алғыр басшының ой-арманы.

Ілмектер: Бұйрық, басшы, алғырлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ұрыс даласында басшы — сөздің адамы емес, тікелей іс-қимылдың адамы болуы керек.

Ілмектер: басшы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Үш нәрсеге түсінбеймін:
— Неге тірлікті тұрғызғандардан гөрі қиратқандар атақтырақ;
— Неге отынды шапқандардан гөрі жаққандар табыстылау;
— Неге басшыға батылдан гөрі жағымпаз сүйіктілеу.

Ілмектер: табыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, отын, жағымпаз, басшы, қирату, атақ, батылдық Сайын Назарбекұлы