Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (71) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (144) Әзіл, анекдоттар (1)

Басшы болу деген мамық креслоға жайғасу, байлыққа белшеден бату емес, керісінше ел жүгін, халық аманатын, ұлт тағдырын мойнына алу деген сөз, оның ертең сұрағы болары хақ.

Ілмектер: басшы, бастық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, байлық, ел, халық, аманат, ұлт, тағдыр Нұрхалық Абдырақын

Қазақ «ұят болады» деген осы бір ауыз сөзбен, отбасын, елді, дінді, ділді т.б. барлығын ұстап тұрған. Қазақ ұяты барды «текті», ұяты жоқты «тексіз» деп бағалаған.

Ілмектер: қазақ, ұят, тек, отбасы, ел, дін, діл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын

Қылыш қан төксе, иесі ел билейді.

Ілмектер: қылыш, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Сараң бек ел билей алмайды.

Ілмектер: Сараң, бек, ел, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

— Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
— Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:
— Бұдан не түсіндің, балам? — дейді.
Сонда. Төле бала:
— Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой. — Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, — депті.

Ілмектер: ынтымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дау, дау, ел Төле би Әлібекұлы

Ежелден ер тілегі — ел тілегі. Адал ұл ер боп туса — ел тірегі.

Ілмектер: ел, тілек, ер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Өсер елдің баласы әкеден де асып түсер.

Ілмектер: ел, бала, әке, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ана үшін аянба — ант ұрады,
Бала үшін аянба — бетің күйеді.
Ел үшін аянба — жігіттілігіңе сын.

Ілмектер: ана, бала, ант, сын, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Елiң күн ғой. Күннен де биiк бар ма?
Күннен биiк болам деп күйiп қалма.

Ілмектер: ел, күн, биік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұзафар Әлімбаев

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.

Ілмектер: мектеп, қазақ, келешек, ел Мағжан Жұмабаев

Әдебиет тілінің қаруы — баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп деген – адам шошынарлық өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілі көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды.

Ілмектер: әдебиет, мектеп, баспа, тіл, ел Халел Досмұхамедұлы

Сіз елім маған не істей алады деп сұрамаңыз, еліме мен не істей алар екенмін деп толғаныңыз.

Ілмектер: ел, нақыл, афоризм Джон Кеннеди

Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.

Ілмектер: ел, отан, халық дана Дінмұхамед Қонаев

Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін.

Ілмектер: ел, жұрт, қызмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Әр ел өз ерлігін көтере айтқанда жеңген жауының осал еместігін қоса айтады. Тек ірілік қана аңызға айналады...

Ілмектер: ел, ерлік, жау, аңыз, ірілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Елдің ертеңгі күнін ойлайтын да бір адам болу керек шығар. Солмын мен!

Ілмектер: ел, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Ел деген жетім қозы емес, еміздікпен асырай алмайсың!

Ілмектер: жетім, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Халқымыздың өзін өзі басқаратын осы ұлы арманын орындап шығуға өз өміріміз жетпесе, үрім-бұтаққа аманат етеміз!

Ілмектер: аманат, ел, басқару, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Дау қуған ел жауығар, қумаған сауығар...

Ілмектер: дау, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Еліміздің ұйтқысы — әдет-ғұрпымыз, оны шайқалтпауды ойлайтын кезіміз осы...

Ілмектер: ел, әдет-ғұрып, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов