Дінмұхамед Қонаев

Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.


Нақыл сөздері

Сенім — құдіретті күш: тауды да қозғайды.

Ілмектер: сенім, күш Дінмұхамед Қонаев

Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады? Өзiңнiң алдыңа айналып келедi, Асанбай. Орыстың артында тұрған Мәскеуi бар. Қазақтың артында Мәскеуi жоқ, қазақтың Мәскеуi - бiздермiз Асанбай, қолыңнан келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме. Қорлыққа көнген халық зорлыққа да көнетiн иiсалмас, ынжық болып кетедi. Ұлт өзiнiң мүддесiн өзi қорғай алатын дәрежеге жетуi керек. Кезiнде қазақтың жанын сақтап қалсақ екен дедiк қой..., бiз ол дәуiрден өттiк. Ендi қазақтың рухын, намысын сақтауымыз керек.

Д. А. Қонаевтың Асанбай Асқаровқа айтқан сөзi

Ілмектер: қазақ, намыс, рух, орыс, ұлт Дінмұхамед Қонаев

Баршаңызға бақыт тілеймін. Мына жүйке жұқартқандай қиын-қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе көтертер күш-қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін. Бәрі бір күнгідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен қарайық. Ақжарылқап күндер алдымызда!

Ілмектер: бақыт, тілек, сенім Дінмұхамед Қонаев

Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте

Ілмектер: өмір Дінмұхамед Қонаев

Орынды сын ойлантпай қоймайды

Ілмектер: сын, сын айту Дінмұхамед Қонаев

Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.

Ілмектер: ел, отан, халық дана Дінмұхамед Қонаев

Жалада шындық болмайды

Ілмектер: жала, жала жабу, шындық Дінмұхамед Қонаев

Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.

Ілмектер: Өмір, бүгін, ертең, өмір-өзен Дінмұхамед Қонаев


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)