Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (6)

Жылқының көркі құйрық,
Үйдің көркі мүлік.

Ілмектер: үй, мүлік, көрік, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Сөздің көркі - мақал,
Иектің көркі - сақал.

Ілмектер: мақал, сақал, көрік, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Көріп алған көріктіден,
Көрмей алған текті артық.

Ілмектер: көрік, үйлену, тектілік

Көріктіні қалап алғанша,
Сүйгеніңді сұрап ал.

Ілмектер: көрік, үйлену, қырғыз мақалы

Базар көркі – бақал,
Ердің көркі – сақал.

Ілмектер: базар, сақал, көрік, қырғыз мақалы

Кісінің көркі - жүз,
Жүздің көркі - көз,
Ойдың көркі - тіл,
Тілдің көркі - сөз.

Ілмектер: тіл, сөз, көрік, ой

Әйел көркі - шүберек.

Ілмектер: әйел, көрік

Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек.

Ілмектер: киім, адам, көрік

Инабатты болса әйел,
Өнегелі болса бала көрікті.

Ілмектер: инабат, әйел, бала, өнеге, көрік

Ағаш басына жел тиер,
Көрікті кісіге сөз тиер.

Ілмектер: ағаш, көрік, сөз, жел

Ақыл көркі — тіл,
Тілдің көркі — сөз,
Адам көркі — жүз,
Жүздің көркі — көз.

Ілмектер: ақыл, тіл, сөз, көрік, көз

Ауыз бен тілдің көркі — сөз.

Ілмектер: ауыз, тіл, көрік, сөз

Жердің көркі:
Орман, тоғай, бұлағы,
Елдің көркі:
Қала, қыстақ тұрағы.

Ілмектер: жер, ел, көрік

Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Көрікті әйелге сөз ереді.

Ілмектер: ағаш, құс, көрік, әйел

Көлдің көркі —
Құрақ.
Таудың көркі —
Бұлақ.

Ілмектер: көл, тау, көрік