Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (23) Өлеңдер (25) Мақал-мәтелдер (50) Ұлағатты сөздер (11) Әзіл, анекдоттар (2)

Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ.

Ілмектер: адам, көркі, ағаш

Жалғыз ағаш орманға қарайды,
Жалғыз бала қорғанға қарайды.

Ілмектер: жалғыз, ағаш, бала

Ағаш — жапырағымен,
Жер — топырағымен.

Ілмектер: ағаш, жер

Кәрі ағаш — бұтағымен,
Кәрі адам — ұрпағымен.

Ілмектер: кәрі, адам, ағаш

Аялы ағаш —
Саялы.

Ілмектер: ағаш

Тұт ағаштың тұтын же,
Тұтын жесең, күтіп же!

Ілмектер: ағаш

Қалың ағаштың
Қисығы болмайды.

Ілмектер: ағаш

Қу ағашқа ну ағаш — сүйеу.

Ілмектер: ағаш

Жемісті ағашқа тас атпа,
Буаз биеге тас артпа.

Ілмектер: ағаш, төрт түлік мал

Алтын балтаның да сабы ағаш.

Ілмектер: алтын, ағаш, қол өнері

Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді,
Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді,
Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді.

Ілмектер: халық, ұрпақ, ағаш

Ағаш қаншалықты биік болса да, жапырақтары жерге түседі.

Ілмектер: қытай мақалы, ағаш, биік, жапырақ

Ағаш айғайға кұламайды.

Ілмектер: ағаш, орман

Іздеген іскер ағашын табады.

Ілмектер: іскер, еңбек, ағаш

Қарағайға сүйеніп тал өсер,
Басқа сүйеніп мал өсер.

Ілмектер: қарағай, ағаш, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Емен ағаштың иілгені - сынғаны,
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.

Ілмектер: емен, ағаш, ер, сөйлеу

Қисық ағашқа тез, қисық мінезге сын бар.

Ілмектер: ағаш, мінез, қисық

Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.

Ілмектер: ағаш, жер, табиғат, жапырақ

Қанша жуан болса да,
Жалғыз ағаш үй болмас,
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз жігіт ьи болмас.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық, үй, ағаш, би, жігіт

Сайлау жердің ағашы,
Сабырсыз елдің сазасы.

Ілмектер: ағаш, ел, сабыр, сабырлық