Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (76) Өлеңдер (2) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (4) Әзіл, анекдоттар (1)

Қадам басқан адам ғана жолды бағындырады

Ілмектер: жапон мақалы, мақсат, мақал, қадам

Мағынасыз сөз болмайды,
Мақалсыз ел болмайды.

Ілмектер: мақал, сөз

Сөзге мақал жарасар,
Иекке сақал жарасар.

Ілмектер: мақал, сөз, тіл

Мақал —сөздің мәйегі.

Ілмектер: мақал, сөз

Делдал малдың базарын келтіреді,
Мақал сөздің ажарын келтіреді.

Ілмектер: мақал, сөз, тіл, делдал

Айта білмесең,
Мақалдың мәні болмайды
Жасай білмесең,
Астың дәмі болмайды.

Ілмектер: мақал, мән, дәм, ас, сөз, тіл

Атаңның сақалына қарама,
Айтқан мақалына қара.

Ілмектер: ата, мақал, сөз, тіл

Сөздің көркі - мақал,
Иектің көркі - сақал.

Ілмектер: мақал, сақал, көрік, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Екі таудың шөбін аяған киік – аш қалар.

Ілмектер: киік, аяу, мақал, қырғыз мақалы

Мақал қайдан шығады,
Ой болмаса.
Киіз қайдан шығады,
Қой болмаса.

Ілмектер: мақал, сөз, тіл

Тұз астың дәмін келтірсе,
Мақал сөздің мәнін келтіреді.

Ілмектер: мақал, сөз, тіл

Мақал — сөздің атасы,
Уәде — ердің опасы.

Ілмектер: мақал, ер, тіл, сөз