Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (6)

Ердің көркі - дәулет.

Ілмектер: ер, көрік, дәулет Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Инабатты болса – әйел көрікті,
Ақ сақал жарасса – шал көрікті,
Сүйікті болса – ағайын көрікті.

Ілмектер: инабат, көрік, ағайын Қорқыт ата

Ақылды адамдардың сөзi көрiктi де, сүйкiмдi болады.

Ілмектер: ақыл, адам, сөз, көрік, сүйкімді, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Елiту келбетке қарағанда ақылда жиiрек болады, өйткенi беттiң көркi бiрден байқалады да, ешқандай күтпеген нәрсе кездеспейдi; ал ақыл адамның қалауына қарай бiртiндеп ашылады.

Ілмектер: ақыл, көрік, келбет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шарль Луи Монтескье

Ошақ көркі — татулық,
Батыр көркі — қатулық.

Ілмектер: ошақ, батыр, көрік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Кісі көркі — сөз, бұл сөздің түрі көп,
Ізгі сөзді ерді мақта — тілі өрт!

Ілмектер: көрік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сөз, тіл Жүсіп Баласағұни

Пікірлер