Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (11) Өлеңдер (70) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (45) Ұлағатты сөздер (13)

Асқар тау алыстан көрінеді.

Ілмектер: тау, асқар

Ел жасымен көрікті.
Тау тасымен көрікті.
Аяқ асымен көрікті.

Ілмектер: тау, ел, аяқ

Тауға сүйенген,
Таудай бәледен аман қалады.

Ілмектер: тау, бәле

Көрінген таудың алыстығы жоқ.

Ілмектер: тау, алыс

Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.

Ілмектер: тау, өлке

Ел жаусыз болмас,
Жер таусыз болмас.

Ілмектер: жер, тау, жау, ел

Әркімнің шыққан тауы биік.

Ілмектер: тау, тәлім, тағлым, тәрбие

Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына қарай торайы.

Ілмектер: тау, тоғай, шошқа, торай, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Қайырымсыз болса ханнан без,
Өткелсіз болса судан без,
Асусыз болса таудан без,
Пайдасыз болса байдан без,
Панасыз болса сайдан без.

Ілмектер: қайыр, су, тау, пайда, пана, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Екі тау қосылды десе - нан,
Екі бұзық түзелді десе - нанба.

Ілмектер: тау, бұзық, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ақсақ та аулында ақсайды.

Ілмектер: тау, Араб мақал-мәтелдері

Екі мақұл дауласса, сөздері асқар ала таудай болар.
Бір тентек бір ақылды таласса, атысқан жаудай болар.

Ілмектер: дау, тентек, ақылды, талас, жау, тау

Тау тауға қосылады десе нан,
Адам пиғылын оңғартты десе нанба.

Ілмектер: тау, пиғыл, адам

Ғашық жардың белгісі - ата-анадан бездірер,
Қыран құстың белгісі - таудан тасқа кездірер.

Ілмектер: ғашық, қыран, тау, белгі, ата-ана

Бас-басыңа би болсаң,
Мана тауға симассың.
Бір данаға жол берсең,
Жанған отқа күймессің.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік, дана, от, тау

Тауға сүйенген ер
Таудай жауды жығады.

Ілмектер: тау, жау, ер

Табанды тауды жығады,
Тайсалмаған жауды жығады.

Ілмектер: тау, жау

Қорқып бұғып өлгенше,
Тайсалмай тауға шығып өл.

Ілмектер: тау, қорқақ

Тау таумен қосылмас,
Адам адаммен қосылар.

Ілмектер: тау, адам, парсы мақалы

Биік таудың басы болмасақ та
Баурайындағы тасымыз.

Ілмектер: тау, тас