Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (4) Әзіл, анекдоттар (2)

Жалғыз атты базардан қалмас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, базар

Базарға теңгесі бар, барсын.
Тойға теңдесі бар, барсын.

Ілмектер: той, базар

Балалы үй — базар,
Баласыз үй — қу мазар.

Ілмектер: бала, үй, базар, мазар

Базарға әркім барар,
Өзінің керегін алар.

Ілмектер: кедейлік, байлық, базар

Алдамасаң — базар жоқ.

Ілмектер: базар

Алтын базарында бағалы.

Ілмектер: алтын, базар

Тон алам десең
Базарға бар,
Тоналам десең
Мазарға бар.

Ілмектер: кедейлік, байлық, базар

Базар бар да малың сат,
Базар білмес, бақ білер.

Ілмектер: базар, сауда

Арзан менен қымбаттың
Базар берер нарқы бар,
Жақсы менен жаманның
Адам берер парқы бар.

Ілмектер: базар, жақсы, жаман

Базарда мың кісі бар
Әркім сүйгеніне сәлем берер.

Ілмектер: базар

Базарда бәрі бар,
Ақшасыз ешкім бермейді.

Ілмектер: базар, ақша, байлық, еңбек

Ұрының тілеуі –
Базардың бүлінуі.

Ілмектер: ұры, тілеу, базар, парсы мақалы

Базар барға – балдай,
Жоққа – зәрдей.

Ілмектер: базар, бар, бай, кедей, қырғыз мақалы

Базар көркі – бақал,
Ердің көркі – сақал.

Ілмектер: базар, сақал, көрік, қырғыз мақалы

Базарға барып бағың сына.

Ілмектер: базар, бақ

Базарда пұлы бардың көңілі тоқ,
Қатындардың, қарасаң, опасы жоқ.

Ілмектер: базар, пұл, көңіл, опа, қатын

Базардың иті ауылдың итін қаламайды.

Ілмектер: базар, ит, ауыл

Бар елің базар, жоқты қайдан қазар.

Ілмектер: бар, жоқ, базар, қазар