Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (79) Ұлағатты сөздер (15)

Жас та болса – бас.

Ілмектер: жас, бас

Асым аз болса да,
Басым тыныш болсын.

Ілмектер: ас, бас, тыныштық

Ақымаққа бөркін ал десең,
Басын алады.

Ілмектер: ақымақ, бас, бөрік

Бас – ақыл үшін,
Ақылды – ел үшін.

Ілмектер: бас, ақыл, ел

Басыңа тау құласа да,
Шыбын шаққандай шіміркпе.

Ілмектер: бас, тау, шыбын, құлау, қырғыз мақалы

Басын бастайды,
Аяғын тастайды.

Ілмектер: қырғыз мақалы, бас, аяқ

Басына тартса – аяғына жетпейді,
Аяғына тартса – басына жетпейді.

Ілмектер: бас, аяқ, кедейшілік

Басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ.

Ілмектер: денсаулық, ауру, бас, қырғыз мақалы

Басы домалақтың барлығы да адам бола бермейді.

Ілмектер: бас, адам, қырғыз мақалы, домалақ

Адамның басы—Алланың добы.

Ілмектер: адам, доп, Алла, бас

Айтар сөзге тұшынғаның—
Ноқтаға басты ұсынғаның.

Ілмектер: сөз, ноқта, бас

Ақыл бастан шығады,
Асыл тастан шығады.

Ілмектер: ақыл, асыл, бас, тас

Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.

Ілмектер: ақыл, надан, темір, шеге, тас, бас

Ақылдыға жақындас,
Ақылсыздан өз басыңды алып қаш.

Ілмектер: ақылды, ақымақ, бас

Атадан жақсы туған ұл
Атаның есіктегі басын төрге апарар.
Атадан жаман туған ұл
Атаның төрдегі басын есікке апарар.

Ілмектер: ата, бала, төр, бас, есік

Аттың басын ноқталап байла.

Ілмектер: ат, бас, ноқта

Аяққа тартсаң, басқа жоқ,
Басқа тартсаң, аяққа жоқ.

Ілмектер: аяқ, бас

Аяқтың астында жатсаң,
Басың аман қалады.

Ілмектер: аяқ, амандық, бас

Аяқтың жаза басқаны үшін бастан сұрайды,
Баланың қатесі үшін әкеден сұрайды,
Жай халықтың қатесі үшін ханнан сұрайды.

Ілмектер: аяқ, жаза, бас, бала, қателік, қате, әке, халық, хан

Әкімнің мойны қылшадай, басы таудай.

Ілмектер: әкім, тау, бас