Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (44) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (26)

Алла салған отты ақымақ өшіре алмас.

Ілмектер: Алла, от, ақымақ

Алла деп бастаған іс алдымен бітеді.

Ілмектер: Алла, діни

Аяғыңның ұшына да қара,
Аллаңның тұсына да қара.

Ілмектер: аяқ, Алла, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Адам ойлайды,
Алла шешеді.

Ілмектер: адам, Алла

Адамның басы—Алланың добы.

Ілмектер: адам, доп, Алла, бас

Ақыл — Алланың сыйлығы.

Ілмектер: ақыл, сый, Алла

Алла деген ар болмас,
«Алла» деген бенделер
Ешнәрсеге зар болмас.

Ілмектер: Алла, зар

«Алла» деп барсаң, аман келерсің.

Ілмектер: Алла, аман

Аллаға жағамын десең,
Азаның болсын.
Пендеге жағамын десең,
Қазаның болсын.

Ілмектер: Алла, жағу, пенде, қазан

Алланың алдында арамтамақтың қолы дірілдейді.

Ілмектер: Алла, арамтамақ, қол, дірілдеу

Алланың берейін деген құлына
Онан-мұнан құралар.
Бермейін деген құлының
Жалғыз атын ұры алар.

Ілмектер: Алла, құл, ұры, жалғыз, ат

Әлі келмеген Аллаға тапсырады.

Ілмектер: әл, Алла