Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (27) Өлеңдер (10) Мақал-мәтелдер (84) Ұлағатты сөздер (29) Әзіл, анекдоттар (2)

Қатты қыстан мал қалса — олжа,
Қатты аурудан жан қалса — олжа.

Ілмектер: олжа, ауру, мал

Сауын саусаң, бие сау,
Боз қырау түспей суалмас.
Түйткіл тартсаң, түйе сау,
Ауру, бәле, жын алмас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ауру, бәле, жын

Бағайын десе, малы жоқ,
Ыңыранайын десе, ауруы жоқ.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ауру

Саудың асын ішіп
Аурудың ісін істейді.

Ілмектер: ауру, еңбек

Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің.

Ілмектер: ата-ана, ана, ауру

Ауруда — шаншу жаман,
Сөзде — қаңқу жаман.

Ілмектер: ауру, сөз, тіл, жаман

Аурудың алдын ал.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.

Ілмектер: ауру, денсаулық, төрт түлік мал

Көзің ауырса, қолың тый,
Ішің ауырса, тамағың тый.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Ауырып тұрдың,
Аунап тұрдың.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Арық семіреді,
Ауру жазылады.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Ауру азығымен,
Тоқпақ қазығымен.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Көп ауырған ем табады,
Көп адасқан ел табады.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Ауру аяқ астында,
Арылу жиде басында.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Ауру жайын баққан біледі,
Аңның жайын атқан біледі.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Үш нәрсенің алдын ал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдынал.

Ілмектер: ауру, дау, жау

Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Қодастың еті
Қырық жылғы ауруыңды қозғайды.

Ілмектер: ауру

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Ілмектер: ас, ауру

Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.

Ілмектер: ауру, ем