Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Денсаулықтан дертке дейін, дерттен денсаулыққа дейін — осы қозғалыстың өзі ойша болса да, тамаша денсаулықтың белгісіне жатады.

Ілмектер: Денсаулық, дерт Жиль Делез

Шынымен-ақ, тым болмаса құлаған адамның қатты жарақат алмауына тілектестік танытуға да шамамыз келмегені ме?!

Ілмектер: жарақат Жиль Делез

Көбіне алғысөзді — артынан, соңғы сөзді алдымен оқу керек деседі.

Ілмектер: алғысөз Жиль Делез

Бас айналушылық пен ұмытшақтық –— өткінші, қараңғылықтың өзі əу бастан-ақ жарықпен нұрланған.

Ілмектер: ұмытшақтық, өткінші, жарық, қараңғылық, нұр Жиль Делез

Біздің қожайындарымыз да — бүкілəлемдік құлдану процесінің аяғынан тік тұра бастаған кезінде табысқа жеткен құлдар.

Ілмектер: қожайын, құл, табыс Жиль Делез

Бастау — мүмкіндіктің бəрін жоқ қылу деген сөз.

Ілмектер: мүмкіндік, бастау Жиль Делез

Қазір қайталануға тиіс нəрсе деген сөз — өткен шақ: қайталаудың өзі, ал келешек — қайталанар нəрсе.

Ілмектер: өткен шақ, келешек Жиль Делез

Өзіңді жоғалту – орманда толық адасу емес, керісінше жаңа мүмкіндіктерге жол ашу, бірақ екі түрлі адам бар: біреулер жерге қарап балшықты көреді, ал басқалары аспанға қарап жұлдыздарды көреді.

Ілмектер: Жоғалған, орман, адасу, мүмкіндік, адам, жер, балшық, аспан, жұлдыз Narsha Bulgakbaev

Негіздеу дегеніміз — айқындау.

Ілмектер: Негіздеу, айқындау Жиль Делез

Атүстіліктен нəзік нəрсе жоқ.

Ілмектер: нәзік Жиль Делез

Өмір — ойға жан береді, ал өмірді оятатын — ой.

Ілмектер: өмір, жан, ой Жиль Делез

Данышпандық — садақ тарту өнеріне ұқсайды: ол — əрі жақ тартушы, əрі жебе атылған жамбы.

Ілмектер: Данышпандық, өнер, жебе Жиль Делез

Адамдар арасында екі-ақ қана қарым-қатынас түрі бар — бірлік немесе күрес

Ілмектер: Адамдар, қарым-қатынас, бірлік, күрес Narsha Bulgakbaev

Бұзылған адамның əлемі — басқасы жоқ əлем, яғни, мүмкіндігі жоқ əлем.

Ілмектер: адам, әлем Жиль Делез

Билік өмірді өз объектісіне айналдырған кезде — өмір биліктің қарсыласы болып шығады.

Ілмектер: билік, өмір Жиль Делез

Бір мезгілде əрі өзі шекара белгілеу, əрі өзі оны бұзып өту — тек тілге ғана бұйырған.

Ілмектер: тіл Жиль Делез

Идеялар дегеніміз — көп мағыналылық, əр идея — көп мағыналы, көп қырлы.

Ілмектер: идея, мағына Жиль Делез

Қоршаған ортадағы адамдарға қарап, өзімнен қорқамын.

Ілмектер: қоршаған орта, адам, қорқақтық, қорқыныш Narsha Bulgakbaev

Стоиктардың қарама-қайшылығы — тағдырды мойындай отырып, қажеттілікті жоққа шығаруда болып отыр ғой.

Ілмектер: тағдыр Жиль Делез

Актердің ойнайтын рөлі — кейіпкердің рөлі емес. Ол — тақырып.

Ілмектер: актер, тақырып Жиль Делез