Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (13) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (19)

Бақыт емдейтін дертті бірде-бір дәрі емдей алмайды.

Ілмектер: бақыт, дерт Габриэль Гарсиа Маркес

Ақымақтық пен даналық жұқпалы дерт сияқты тез сіңеді. Сондықтан жолдасты көзіңді ашып таңда.

Ілмектер: ақымақтық, даналық, дерт, дос, жолдас Уильям Шекспир

Денсаулық туралы нақыл сөздер.

Денсаулықты сақтау үшін, ал одан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы.
М.Я.Мудеров.
Гимнастика, дене жаттығулары, жүру, жұмыс істеу қабіоетін, денсаулығын, кемел қуанышты өмірін сақтағысы келген əр адамның күнделікті тұрмысына берік енуге тиіс.
Гиппократ.
Дене жаттығуларымен қалыпты жəне өз уақытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді.
Ибн-Сина.
Денсаулық-байлықтан қымбат.
Д.Рей.
Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі.
Т.Карлейль.
Дертке шалдыққанша,денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді.
Т.Фуллер.

Ілмектер: денсаулық, гимнастика, жаттығу, байлық, дені сау, дерт Зекешева Лаззат

Бойкүйез, арамтамақ жатып ішер,
Жаман дерт осы бастан сақтаныңдар.

Ілмектер: арамтамақ, дерт, сақтық Кенен Әзірбаев

Сау адам біреудің жарасы ауырып отырғанын білмейді.

Ілмектер: денсаулық, дерт, жара, адам Саиф Сараи

Жүрегім дертті, сөзім у.

Ілмектер: дерт, жүрек, у Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жырла да, зарла, көңілім, қалың қайғың қайнасын. Қиялдың құсы егіліп, іштегі дертті айдасын.

Ілмектер: көңіл, қайғы, дерт Бернияз Күлеев

Дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді.

Ілмектер: дерт, денсаулық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Томас Фуллер

Ел дертті — зар шықпаа, тән дертті — зәр шықпаса.

Ілмектер: дерт, зәр, зар, тән Асқар Сүлейменов

Бұзылғандықтың екi түрi бар: бiрi, халықтың заңдарды орындамауы; екіншісі: заңдардан халықтың азғындауы, соңғы дертке дауа жоқ, өйткенi оның себебi дәрiнiң өзiнен.

Ілмектер: заң, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дерт, дауа Шарль Луи Монтескье

Ей, көңілім, сыйлық күтпе бұл заманнан қараңғы,
Уақыт озар барлығынан шаң қаптырып адамды.
Дертің әр сәт күшейеді, ауырады тынымсыз,
Күткенменен мына уақыт емдемейді жараңды.

Ілмектер: дерт, өмір, уақыт, заман, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Омар Хайям

Адамдардың сыртқы өмірге, қоршаған ортаға, жалған адамдарға «тәуелді» болып қалуы – «Құлдық Сананың» салдарынан пайда болатын ауру – бұны тәуелділік дерті деп атайды. Тәуелділікті емдеудің салдарынан адамдар өз ішіне үңілуден қорықпайтын батырға айналады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, адамзат, Адасқан өмір, Өмір, қоршаған орта, жалған дүние, жалған, тәуелділік, құлдық сана, ойлау, қорқақтық, батыр, емші, ауру, дерт Нарша Булгакбаев

Қулық та — бір дерт.

Ілмектер: қулық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дерт Абай Құнанбайұлы

Сансыздық пен құшаққа сыймастық дерті.

Ілмектер: дерт Пьер Тейяр де Шарден

Өмірдегі қиындықтар мен ауыртпалықтар — күнәлар мен қателіктерден туындайды. Адам надандық пен қажетті білімнің жоқтығынан оларды өз еркімен қалайды, бірақ білмейді. Алайда, ешкім күнә мен қателікті қасақана, әдейі жасамайды, мұның бәрі үмітсіздік пен ішкі жанжал дертінен. Мұны түсіну және қабылдау қиын болуы мүмкін, бірақ мен үшін дәл солай.

Ілмектер: Өмір, қиындық, ауыртпалық, күнә, қателік, надандық, білімсіздік, ерік, үмітсіздік, жанжал, дерт Narsha Bulgakbaev

Денсаулықтан дертке дейін, дерттен денсаулыққа дейін — осы қозғалыстың өзі ойша болса да, тамаша денсаулықтың белгісіне жатады.

Ілмектер: Денсаулық, дерт Жиль Делез

Денсаулығы перспективаларды сапырылыстыруға, денсаулықтан дертке жəне дерттен денсаулыққа оңай өтуге мүмкіндік беріп тұрған кезде Ницше өзінің «ұлы денсаулығының» қызығын көрді: ол оның шығармашылықпен айналасуын қамтамасыз етті.

Ілмектер: денсаулық, дерт Жиль Делез

Ницше бізді денсаулық пен дертті алғашқысын — екіншісінің өмірлік перспективасындай, ал екіншісін — біріншісінің өмірлік перспективасындай сезінуге шақырады.

Ілмектер: денсаулық, сезім, дерт Жиль Делез

Табиғатта денсаулық болса, дерттің де болғаны.

Ілмектер: табиғат, денсаулық, дерт Эмиль Дюркгейм