Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (14) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (12)

Даңқ үстемелегенді ұнатады. Бір басталса біразға дейін жарылқайды. Қашан өзің бүлдіріп алғанша махаббат нұрына бөленесің.

Ілмектер: махаббат, даңқ, нұр Қадыр Мырза Әли

Қара арғымақ арыса — қарға адым жер мұң болар,
Есіл көзден нұр тайса — бір көруге зар болар.

Ілмектер: мұң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, көз, нұр, зар Бұқар жырау

Мінген атың арыса — қатарға ену күн болар,
Қара көзден нұр тайса — қарға адым жер мұң болар.

Ілмектер: ат, қарға, нұр, көз, мұң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Алғырлық ойдың ішкі мазмұнын нұрландырып тұрады.

Ілмектер: Алғырлық, ой, нұр, мазмұн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Шын Иманды қиялмен таппас, Құран арқылы ғылыммен табар, ғылыммен тапқаны ақиқат болса, ақиқат іштен Нұр болып жауар.

Ілмектер: иман, Қиял, құран, ғылым, ақиқат, нұр Нарша Булгакбаев

Тілмен адам өң береді сөзіне,
Жақсы сөзбен нұр береді өңіне!

Ілмектер: тіл, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нұр Жүсіп Баласағұни

Ақын көңіл теңізіне батады,
Інжу, гауһар, жақұт нұрын шашады.

Ілмектер: Ақын, көңіл, теңіз, Інжу, гауһар, жақұт, нұр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ата - ана баласының санасын исламмен нұрландырып, жаратылыстанумен көзін аштырса, бұдан артық тәрбие жоқ. Сонда ғана бағыттаған тәрбиесі баласына пайда береді.

Ілмектер: Ата-ана, Ислам, сана, нұр, жаратылыстану, иман, тәрбие, бала, туралы Нарша Булгакбаев

Қазағым, жол білмеген шығарсың, бірақ білім іздеп, оқуды тоқтатпасаң, жолың нұрлана бермек, қайда жүрсең де нұрлы жолмен жүріп таудың шыңына ұмтыла бер.

Ілмектер: Қазақ, білім жолы, білім, ғылым, нұр, тау, шың, білім іздеу Али Айбекұлы

Бас айналушылық пен ұмытшақтық –— өткінші, қараңғылықтың өзі əу бастан-ақ жарықпен нұрланған.

Ілмектер: ұмытшақтық, өткінші, жарық, қараңғылық, нұр Жиль Делез

Ықылас түссе иманға, жүзі адамның нұрға толар, махаббат болса Аллаға, ісі адамның адал болар.

Ілмектер: Ықылас, Иман, нұр, махаббат, Алла, адал, адам Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Шын иманға қиялмен келмес, Құран арқылы ғылыммен келер, ғылыммен келгені ақиқат болса, ақиқат іштен нұр болып шығар.

Ілмектер: Иман, Құран, ғылым, ақиқат, нұр Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев