Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (426) Ұлағатты сөздер (1)

Жаманнан сөз естігенше,
Жақсыдан таяқ же.

Ілмектер: жаман, жақсы, сөз, таяқ жеу, қырғыз мақалы

Жатар қарын жармадан садақа.

Ілмектер: садақа, қарын, қырғыз мақалы

Ұстаның қуаруын білгенше,
Темірдің суаруын біл.

Ілмектер: ұста, темір, қырғыз мақалы

Дұшпанға өлім тілегенше,
Өзіңе өмір тіле.

Ілмектер: дұшпан, өмір, өлім, қырғыз мақалы

Қымызды кім ішейін демесін,
Қызды кім құшайын демесін!

Ілмектер: қымыз, қыз, қырғыз мақалы

Арақ ішкен тойда мас,
Ақылы жоқ — күнде мас.

Ілмектер: арақ, той, мастық, мас, ақыл, қырғыз мақалы

Ешкі өзі туа алмай жатып,
Қойға кіндікшешелікке барыпты.

Ілмектер: ешкі, қой, кіндікшеше, қырғыз мақалы

Қартайғанда өкпешіл болады.

Ілмектер: қарттық, кәрілік, өкпе, қырғыз мақалы

Қазының пісуіне шыдағанда,
Қазанның түсуіне шыдамайсың ба?

Ілмектер: қазан, ас, тамақ, шыдамдылық, шыдам, қырғыз мақалы

Базар көркі – бақал,
Ердің көркі – сақал.

Ілмектер: базар, сақал, көрік, қырғыз мақалы

Еріншек аулаға шықса да,
Ылау жалдайды.

Ілмектер: еріншек, жалқау, қырғыз мақалы

Көшкісі келген жұртын жамандайды.

Ілмектер: жұрт, көшу, жамандау, қырғыз мақалы

Көп төксең көңді –
Қамбаң дәнге толады.

Ілмектер: қамба, дән, көң, қырғыз мақалы

Айға сенген үсіп өлер,
Байға сенген аштан өлер.

Ілмектер: ай, бай, сенім, аштық, үсу, қырғыз мақалы

Күніне ет жеген жан мал табар ма?
Айында ет жемесе, жан бағар ма?

Ілмектер: ет, тамақ, қырғыз мақалы

Бай малайдың парқын білмейді,
Бәйбішесі артық тілдейді.

Ілмектер: бай, бәйбіше, малай, қырғыз мақалы

Қауіпің қайда болса,
Қатерің содан.

Ілмектер: қауіп, қатер, қырғыз мақалы

Жарлымен жауласқанша,
Баймен барымталас.

Ілмектер: жарлы, бай, қырғыз мақалы

Балам көп деп мақтанба,
Топқа кірмей жатқанда.

Ілмектер: бала, мақтану, қырғыз мақалы

Бойы қасқаның дауысы зор.

Ілмектер: бой, дауыс, қырғыз мақалы

Пікірлер