Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (30) Мақал-мәтелдер (35) Ұлағатты сөздер (23)

Сексенде сегіз байлық,
Сегіз жарлылық.

Ілмектер: қарттық, кәрілік

Шөп те басынан қурайды.

Ілмектер: кәрілік

Асырын асаған,
Жасырын жасаған.

Ілмектер: қарттық, кәрілік

Кәрі жатса – қунайды,
Жас жүрсе – қунайды.

Ілмектер: кәрілік, қарттық

Елу шылбырдан алды,
Алпыс тізгіннен алды,
Жетпіс өре салды,
Сексен – тұсау салды,
Тоқсан – толқып қалды.

Ілмектер: жас, қарттық, кәрілік

Сақалға ақ түсті –
Көңілге дақ түсті.

Ілмектер: қарттық, кәрілік

Көп жасаған
Құрдасынан айрылады.
Жұғымы жоқ –
Жолдасынан айрылады.

Ілмектер: қарттық, кәрілік, жолдас

Сексен – жермен жексен.

Ілмектер: қарттық, кәрілік

Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.

Ілмектер: су, кәрі, жас, кәрілік

Қатарынан қалған кәрі жетім.

Ілмектер: жетім, кәрі, кәрілік, қарттық

Қарты бардың жұрты бар,
Кемпірі бардың құрты бар.

Ілмектер: қарт, кемпір, кәрілік, жұрт

Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.

Ілмектер: қарт, жас, қарттық, кәрілік

Кәрі –қалтаң,
Жас – жалтаң,
Жас келсе – іске,
Кәрі келсе – асқа.

Ілмектер: кәрі, жас, кәрілік, қарттық

Жасыңда жалықпасаң –
Қартайғанда тарықпайсың.

Ілмектер: жас, қарттық, кәрілік

Бүгінгінің қартымыз,
Кешегінің артымыз.

Ілмектер: қарт, кәрілік, қарттық

Көп жасаған құрдасынан
Көп сөйлеген жолдасынан айрылады.

Ілмектер: құрдас, жолдас, кәрілік, қарттық

Алпысқа келгенде,
Алты ағаң болсын.
Жетпіске келгенде
Жеті інің болсын.

Ілмектер: аға, іні, кәрілік, қарттық

Үлкен пышақ —
Ұялғаннан өтеді.

Ілмектер: қарттық, кәрілік

Алпыс — дер шағы,
Жетпіс — мәр шағы,
Сексен — жер шағы
Тоқсан — шер шағы,
Жүз — қор шағы...

Ілмектер: кәрілік, қарттық

Шалды шақыр, асыңа келсін,
Шалдығына күл, басыңа келсін.

Ілмектер: шал, кәрілік, қарт, қарттық