Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (16) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (9) Ұлағатты сөздер (2)

Туысқан өкпеге тепсе де өлімге қимайды.

Ілмектер: туысқан, өкпе, өлім

Қалыңдығына өкпелеген күйеу,
Қайнысына сәлем бермейді.

Ілмектер: өкпе, күйеу, қайын

Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа!

Ілмектер: өкпелеу, өкпе, ренжу

Үйіңе келгенге, үйдей өкпенді айтпа.

Ілмектер: үй, өкпе, пейіл, ынсап, ұят

Ағайында өкпе бар да, кек жоқ.

Ілмектер: ағайын, туыс, жанұя, өкпе, кек

Қарғаның кәрісін кім айырар,
Қарғаштың өкпесін кім қайырар.

Ілмектер: қарға, өкпе

Қартайғанда өкпешіл болады.

Ілмектер: қарттық, кәрілік, өкпе, қырғыз мақалы

Бөдененің ұясын көр де, етіне өкпелеме.

Ілмектер: бөдене, құс, ұя, өкпе, қырғыз мақалы

Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты.

Ілмектер: мұрт, өкпе, сақал