Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (3)

Сары қымыз сүйегіңе сіңсе,
Сан ауруды кеседі.
Сары бал сүйегіңе сіңсе,
Кәрілік жоқ — деседі.

Ілмектер: қымыз, бал, ас

Таза сабаның қымызын іш,
Мейірбан ананың қызын ал.

Ілмектер: қымыз, қыз, ана, мейірбан

Берместің үйінде бесті қымыз тұрады.

Ілмектер: үй, қымыз, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Саумал ішсең, қымыз жоқ,
Байтал мінсең, құлын жоқ.

Ілмектер: саумал, қымыз, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Екі аяқ қымыздың бір аяқ желі бар.

Ілмектер: аяқ, қымыз

Сіздікіне барғанда,
Қымыз ішсін, ми жесін:
Біздікіне келгенде –
Әндетсін де билесін.

Ілмектер: қымыз, қонақ, ән, би, қырғыз мақалы

Берерге бесінде – қымыз,
Бермеске сәскеде – саумал.

Ілмектер: қымыз, саумал

Қымызды кім ішейін демесін,
Қызды кім құшайын демесін!

Ілмектер: қымыз, қыз, қырғыз мақалы

Қымыз – кісінің қаны,
Ет – кісінің жаны.

Ілмектер: қымыз, ет, жан, қан, қырғыз мақалы

Қымызды үйде – аяқшы,
Қызды үйде – тияқшы.

Ілмектер: қымыз, қыз, үй, қырғыз мақалы

Бие мінсең, құлын жоқ,
Саумал ішсең, қымыз жоқ.

Ілмектер: бие, құлын, саумал, қымыз, төрт түлік мал