Эссе және өлең-жыр байқауы

Мақал-мәтелдер

Әйелдің дауысы қатты шыққан үйдің босағасынан жақсылық күтпе.

Ілмектер: әйел, дауыс, үй, босаға

Әйелдің ақылы қысқа, шашы ұзын.

Ілмектер: әйел, ақыл, шаш, қысқа, ұзын

Әйелде де сүйек бар.

Ілмектер: әйел, сүйек

Әйелге күш көрсету — ерлік емес,
Күшіңді өзіңе жұмса.

Ілмектер: әйел, ерлік, күш

Әйел де ай сәулесі сияқты,
Есікті жапсаң, түндіктен түседі.

Ілмектер: әйел, түндік, есік, түндік

Әзілқойдың сөзі зая болар.

Ілмектер: әзіл, сөз, зая

Әзілдеске түс айтпа.

Ілмектер: әзіл, түс

Әзіл апат келтірер.

Ілмектер: әзіл, апат

Әділдік мақсатқа жеткізеді.

Ілмектер: әділдік, мақсат

Әділдік әкімге де, әлсізге де, әркімге де бірдей.

Ілмектер: әділдік, әлсіз

Әділ туған заң жақсы.

Ілмектер: әділ, заң

Әділ сөз ірі көрінеді.

Ілмектер: әділ, сөз, ірі

Әділ патшаның әскері халықтан құралады.

Ілмектер: әділ, патша, әскер, халық

Әділ өмірді адал адам ғана сүре алады.

Ілмектер: әділ, адал, адам, өмір

Әділ заң — аспан тірегі.

Ілмектер: әділ, заң, аспан, тірек

Әділ билер болса құп,
Залым билерде иман жоқ.

Ілмектер: әділ, залым, би, иман

Әділ бектің заңы жоғары.

Ілмектер: әділ, бнек, заң

Әдепшілік белгісі—
Иіліп сәлем бергені.
Жақындықтың белгісі—
Кешіктірмей келгені.

Ілмектер: әдеп, жақын, кешігу, сәлем

Әдептік ерге керек,
Екінші қызға керек.

Ілмектер: әдеп, ер, қыз

Әдепті сөйле де, тыныш отыр.

Ілмектер: әдеп