Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (16) Ұлағатты сөздер (27)

Сабыр түбі сары алтын.

Ілмектер: Сабыр

Сабын кірді ашады,
Сабырсыз сырды ашады.

Ілмектер: сабыр, сыр

Біреу жәбір етсе,
Сен сабыр ет.

Ілмектер: сабыр

Сабырлы адам сақтанып сөйлер,
Сабырсыз адам мақтанып сөйлер,
Сапырыстырып, ақтарып сөйлер.

Ілмектер: сабыр, адам

Қазаға - сабыр жолдас.

Ілмектер: қаза, сабыр, жолдас

Асықпаған арбамен қоянға жетеді.

Ілмектер: арба, қоян, сабыр, сабырлық, асығу

Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.

Ілмектер: сабыр

Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет.

Ілмектер: сабыр, шүкір, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Сабыр еткен, мұратқа жеткен.

Ілмектер: сабыр, мұрат, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Барына қанағат, жоғына сабыр.

Ілмектер: қанағат, сабыр

Сайлау жердің ағашы,
Сабырсыз елдің сазасы.

Ілмектер: ағаш, ел, сабыр, сабырлық

Сабыр түбі — сары алтын,
Сарғайған жетер мұратқа,
Сабырсыз қалар ұятқа.

Ілмектер: сабыр, өнеге, тәрбие

Қуантар болсаң – асық,
Мұңайтар болсаң – сабыр тұт.

Ілмектер: сабыр, қуанту

Аз өмір сабырмен өтеді,
Ақсақ үйіне асықпай жетеді.

Ілмектер: аз, ақсақ, үй, сабыр, өмір

Айтқан екен жайған адам атағын,
Сабыр еткен түзер істің шатағын.

Ілмектер: атақ, сабыр, шатақ, іс

Байлардың сыйлығынан
Кедейдің сабыр еткені артық.

Ілмектер: бай, кедей, сыйлық, сабыр, артық