Эссе және өлең-жыр байқауы

Қазақ даласының ғұламасы Қорқыт ата тағылымы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ  даласының ғұламасы Қорқыт ата  тағылымы

Сабақтың  мақсаты: Қазақ  даласының ғұламаласы Қорқыт ата ролін ашып көрсету.

Білімділік:  Ғұламалар туралы білімдерін кеңейту, осы кезең ақындарының шығармашылықтарының стильдік ерекшеліктерін түсіндіре отырып, әдеби теориялық білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: «Қорқыт ата кітабының» тарихилығын, көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру. 

Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, жамандық пен жақсылық шегін айыра білге тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: баяндау,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер, кітап                                     

Пәнаралық байланыс: география, биология, қоғам

                            

Сабақтың барысы:   

І. Ұйымдастыру кезеңі.                                                                                               

а) Оқушылармен сәлемдесу 

ә) Оқушыларды түгендеу 

б) Кезекшінің мәлімдемесі 

 2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Ой шақыру. 

Тақтада қобыздың суреті көрсетіледі 

Ойларыңа ең бірінші қандай ой келеді? 

Жақсы, осы қобыз деген музыкалық аспапты алғаш рет жасаған Қорқыт атаның кітабы туралы әңгімелесеміз. 

 

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қазақ  даласының ғұламасы Қорқыт ата  тағылымы

 

Қорқыт ата – VIII ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін күрескер ретінде айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. 

«Қорқыт ата кітабын» ҮІІІ ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған – Қорқыт ата («Қорқыт» сөзі ертедегі түркілердің «Хұр – кісі» және «хыт – құт» сөздерінен шыққан. Ол «Құт әкелуші кісі» деген мағынаны береді. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады: 

1. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр; 
2. Қазансалар ауылына жау қалай шапқаны туралы жыр; 
3. Байыс-Байреке, Байбөрі ұлы туралы жыр; 
4. Қазанбек ұлы Оразбек қалай тұтқынға түскені туралы жыр; 
5. Домруыл, Доқа Қожа (қажы) ұлы туралы жыр; 
6. Қаңлы Қожаұлы Қантөрелі туралы жыр; 
7. Қазылеке Қожаұлы Жүгенек туралы жыр; 
8. Бисат қалай жалғыз көзді дию Төбекөзді өлтіргені туралы жыр; 
9. Бегила баласы Әмрен туралы жыр; 
10. ‡йсін Қожаұлы баласы Секрек туралы жыр; 
11. Салар Қазан қалай тұтқынға түсті және оны ұлы Ораз қалай босатқаны туралы жыр; 
12. Сыртқы оғыздар ішкі оғыздарға қарсы соғысқаны туралы және Бамса-байрақ қалай мерт болғаны туралы жыр. 

Қорқыт туралы бірден-бір жазба дерек болып табылатын «Қорқыт ата кітабы» былай басталады: «Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңір зердесіне салған соң оның барлық болжамдары қатесіз болған...оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған». 

Қорқыт туралы ең алғашқы хатқа түскен айғақ «Қорқыт ата кітабы» болса, мұның өзі ХV ғасырда жазылған. Бұл кітаптың әзірше екі нұсқасы белгілі. Бірі – 12 тараудан тұратын Дрезден нұсқасы, екіншісі – 6 тараудан тұратын Ватикан нұсқасы. Бұл еңбектер оғыздардың ата жұртында жазылмаған, әр тарапқа шашыраған оғыз ұрпағының есінде қалған естелік іспеттес. 


Қорыту: 
Ал енді сабақты қорыту мақсатында тест тапсырмасын орындайық. 
Тест 
1. Қорқыт ата кім? 
1. Хан, әмірші 
2. Батыр, қолбасшы 
3. Жырау, күйші 
4. Жазушы, ақылшы 
5. Аудармашы, жүргізуші 
6. Композитор, тарихшы 
2. Аңыз әңгімелердің ертегідер айырмашылығын көрсетіңдер: 
1. Кейіпкерлері тарихта болған адамдар 
2. Қиялдан туған адамдар 
3. Қысқа айтылуы 
4. Көлемінің шағындығы 
5. Ерекше басталуы 
6. Еш айырмашылығы жоқ 
3. Қорқыт өмір сүрген ғасыр 
1. ІХ ғасыр 
2. Х ғасыр 
3. ХІ ғасыр 
4. ҮІ 
5. ҮІІ 
6. ҮІІІ 
4. Қорқыттың күйі: 
1. «Аққу» 
2. «Адай» 
3. «Ақ жауын» 
4. «Бұлбұл» 
5. «Сарыарқа» 
6. «Желмая» 
5. «Қорқыт ата кітабы» қанша жырдан тұрады? 
1. 9; 
2. 10; 
3. 11; 
4. 12; 
5. 13; 
6. 14; 

Үйге берілетін тапсырма: 
Қорқыт ата туралы аңыздар табу (реферат даярлау) 

Қобыз туралы, қобызда тартылатын күйлер туралы қосымша деректер жинау


Пікірлер (1)

kz2015

Рахмет

Пікір қалдырыңыз