Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Қазақ хандығының құрылуы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы

Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектептің

тарих пәнінің мұғалімі Алмаханова Сабила Аманжолқызы

 

 

Күні: Пәні: Қазақстан тарихы.                Сыныбы:  7
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы.
Жалпы мақсаты: Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;
Оқу нәтижесі: Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен  жан-жақты танысады.
Негізгі дерек көздер: «Қазақ хандығы» энциклопедиясы,

 

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы оқулығы,  Электронды оқулық, Ғаламтор материалдары.

Түйінді идеялар: - Визуальды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат қатысушылардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.

 

– Сындарлы және топтық жұмысқа қатысу балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді, оқушы көшбасшыны анықтауға болады.

– Белсенділігі артады, бақылау, талдау, қорытынды жасау және дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасайды.

Ресурстар: ҚР саяси картасы, АКТ, маркерлер, флипчарт,  стикер,  А-4 парағы
Оқыту формасы,техн, әдістері. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, АКТ, ОҮБ ж/е оқытуды бағалау, Жас ерекшелігін ескеріп оқыту, Дарынды және талантты балаларды оқыту, Оқытуды басқару және көшбасшылық, «Миға шабуыл», «Ой қозғау»,  Жигсо әдістері.

 

Сабақ кезеңдері 

 

   Уақыт

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

 

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

 

 

9.20 – 10.05

 

10  минут

Оқушылармен сәлемдесемін, сабаққа қатысымын бақылаймын.

 

Психологиялық  хал-ахуалды реттеймін.

Оқушыларды сурет арқылы топқа бөлемін.

Үйге берілген тапсырманы  (Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары) «Миға шабуыл», «Ой қозғау» әдістері бойынша сұрап шығамын.

 

Сергіту сәті

Мұғаліммен сәлемдеседі, кезекші  мәлімет береді.

 

 

 

Суреттер арқылы 3 топқа бөлінеді

Оқушылар «Миға шабуыл, «Ой қозғау» әдістері бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың әр жауабын матрицамен бағалап отырамын.

Музыкаға би қимылдарымен сергіту жаттығуын орындайды.

Негізгі бөлім

 

 

 

10 мин

Жаңа сабаққа «көпір саламын»  1 минут  Картамен жұмыс

 

 

ЖИГСО стратегиясы бойынша жеке жұмыс жасауға 4 минут уақыт беремін. Жеке жұмыс уақыты бітті 3 шапалақ.

Ал топтық жұмысқа  5 минут уақыт беріледі.

 

 

Жигсо әдісі бойынша әр топ өздеріне берілген тапсырманы жеке оқып шығады.

Оқушылар топтық жұмыста өздеріне берілген тапсырма бойынша топ болып талқылайды, постер дайындайды.

Қорытынды

 

 

 

25 минут

 

Топтық жұмыс уақыты бітті 3 шапалақ. Топтық жұмысты барлық топ мүшелері жариялайды.

 

Қорытындылау: Бүгінгі тақырып бойынша кездескен тұлғаларды ата? Ол не істеді?  Жылдарды ата? Ол жылы қандай оқиға болды? Қазақ хандығы құрылуы алғышарттары қандай мемлекеттерге байланысты? Керей мен Жәнібек Әбілқайырдан неге кетті? Қазақ хандығына биыл қанша жыл? т.б.

Рефлекция

Үйге тапсырма беремін: «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбын оқу. Картамен жұмыс.

Оқушылар білімін бағалаймын

Оқушылар топ жұмысын қорғайды. Оқушылар жауап бере отырып бүгінгі сабақтан алған білімдерін көрсетеді.

 

Оқушылар жылдам жауап береді. Әр жауаптары үшін матрицамен бағалап отырамын.

 

Бүгінгі сабақта не ұнағанын, нені түсінгенін берілген кестеге жазып, тақтаға жабыстырады.

 

 

Формативті бағалау.

Бағаларын күнделіктеріне қойдырады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз