Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

1860-1870 жылдардағы азаттық көтерілісі

№ 17 жалпы орта білім беретін мектеп

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі

Өткізген: тарих пәні мұғалімі Омарова А. С.

8-сынып

2014-2015 оқу жылы

Күні: 5. 03. 2015

Сабақтың тақырыбы: 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Орал, Торғай көтерілісін және Иса-Досан батырлар  бастаған көтерілістің себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Жүйелі ойлау мен талдай білу, оқушының жан- жақты іздене білуін қалыптастыру, бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке,  Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, карта, кесте және тірек сызба, картамен жұмыс, венн диаграммасы, деңгейлік тапсырмалар

Көрнекілігі: карта, слайд

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу;
  • Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Реформа бойынша Қазқастанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі қандай болды?
  2. Генерал-губернатор қандай қызметтер атқарды?
  3. Болыстар мен ауыл старшындарын сайлау қалай жүзеге асырылды?
  4. Қазынагерлік жүйеде қандай өзгерістер болды?
  5. Денсаулық саласында болған өзгерістерді атап шығыңдар.

 

Венн диаграммасы: 1822-24 жылғы жарғылар және 1867-68 жылдардағы реформа

Кестемен жұмыс: 1867-68 жылдардағы реформалардың пайдасы мен зияны

ІІІ. Жаңа тақырып

  • Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау;
  • Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістер
  2. Хиуаның көтеріліске қатысты әрекеті
  3. Маңғыстаудағы көтеріліс

Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар:

І. «Тарихи тұлғалар»

1. Бүкіл қазақ даласын екі   облысқа бөлуді ұсынған тұлғаны атаңыз (И. Бутков)

2. Дала комиссиясын басқарған (Ф. К. Гирс)

3. Орал мен Торғай облыстарындағы көтерілісті басқарған тұлғалар (С. Түркебайұлы,

Б. Оспанұлы)

4. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісін басқарған тұлғалар (Д. Тәжіұлы, И. Тіленбайұлы)

5. Көтерілісті басу үшін жіберілген тұлғаның бірі, подполковник (Рукин)

6. Көтерілісті басу үшін патша үкіметінен жіберілген тұлғаның бірі, граф (Комаровский)

 

ІІ. «Қашан? Қайда? Қандай оқиға болды?»

Қашан?

Қайда?

Қандай оқиға болды?

1868 жылы 6 мамыр

 

Қазақтар Фон Штемпельдің ротасына шабуыл жасады

 

Маңғыстау

Иса мен Досан батырлар бастаған көтеріліс

1870 жылы сәуір

Александровск форты, Николаев станицасы

 

 

Қашан?

Қайда?

Қандай оқиға болды?

1869 жылдың аяғына қарай

Хиуа шекарасына

Қазақтар Фон Штемпельдің ротасына шабуыл жасады

1873 жылы

 

Кезекті адайлар көтеріліс басталды

 

Маңғыстау

Көтеріліс басшылары, ағайын туыстары, жақтастарымен Хиуа жағына өтіп кетті

 

Қашан?

Қайда?

Қандай оқиға болды?

1869 жылы наурыз

 

Би, сұлтан, болстар мен старшындардың ауылдарына 40-тан астам шабуыл жасалды

1869 жылы қаңтар

Хиуаға

 

 

Шошқакөл

Хиуалықтардың 6 мың сарбазы, 4 зеңбірегі келді

 

ІІІ. Семантикалық карта «Көтерілістер тарихы»

 

1836-38 жж.

1837-47 жж.

1783-97 жж.

1868-69 жж.

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі

 

 

 

 

М. Өтемісұлы, И. Тайманұлы бастаған көтеріліс

 

 

 

 

К. Қасымұлы бастаған көтеріліс

 

 

 

 

Орал мен торғай облыстарындағы көтеріліс

 

 

 

 

 

 

1822-25 жж.

1856-57 жж.

1870 ж.

1773-75 жж.

Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі

 

 

 

 

Ж. Тіленшіұлы бастаған көтеріліс

 

 

 

 

Ж. Нұрмұхамедұлының патша үкіметіне қарсы күресі

 

 

 

 

Маңғыстаудағы көтеріліс

 

 

 

 

 

ІV. Сергіту сәті

Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу

 

Ер жолдасы — тәуекел 
Ел барда, ер қор болмас, 
Ер барда, ел қор болмас. 
Ердің ісі — елдің мойнында, 
Елдің ісі — ердің мойнында. 
Ел үмітін ер ақтар, 
Ер атағын ел сақтар. 
Ер салмағын ел көтереді, 
Ел салмағын жер көтереді. 
Ұранды ердің - ұрпағы қайсар. 
Қонған жердің қадырын көшкенде білерсің. 
Батыр туса ел ырысы, 
Жаңбыр жауса жер ырысы. 
Ер аруағы - қаруы.
Қоянды қамыс өлтіреді, 
Ерді намыс өлтіреді. 

 

V. Бекіту кезеңі

1-топқа

Көтерілістің уақыты, аумағы, басшыларын атаңдар. Аумағын картадан көрсетіңдер

2-топқа

Маңызды оқиғаларын атаңдар жіне картадан көрсетіңдер

3-топқа

Ойтолғау

Көтеріліс жеңіліске жетсе қандай өзгерістер орын алар еді?

 

 


Пікірлер (1)

Раева Балжан

Жазалаушылар отряды мықты болып, көтерісшілер женіліс тапты. Көтерісшілердің аймағы үлкен көлемді алғанына байланысты Қазақстанның жерін қамтыды. Мұның өзі қазақтардың ұрпағын жігерлендірді, ата- бабаның ерлік дәстүрің тәрбиелеуге мүмкіндіктер берді.

Пікір қалдырыңыз