Эссе және өлең-жыр байқауы

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §41. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
- Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы, Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңдары және жасауға қатысқан қазақтың ұлы билері туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;
- Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
- Тәуке ханның және ұлы билердің мемлекетті нығайту үшін атқарған қызметтерін көрсете отырып, оқушыларды адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтеп, оның дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, билердің суреті
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Есім ханның алғашқы кездегі саяси жағдай қандай болды?
- Бұхар хандығы мен Қазақ хандығының арасындағы талас-тартыс немен аяқталды?
- Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қайшылық неден басталды?
- Тұрсын ханның бүлігі немен аяқталды?
- «Есім ханның ескі жолының» қандай тарихи маңызы болды?
- Тақырыптың тарихи-тәрбиелік маңызын неден байқауға болады?
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Салқам жәңгір. Орбұлақ шайқасы
2. Тәукенің хан билігіне отыруы.
3. Тәуке ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
4. «Жеті Жарғы» заңы
5. Ұлы билер
Тәуке хан хандық билікті нығайтты
Тың өзгерістер енгізді Тәуке хан
«Хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттырды Феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты қазақ хандығын құруға күш салды
Хан мен билер ғана соттық сансапты атқаруға тиіс болды
Билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды
Сабақты бекіту:
Жеті жарғының бөлімдері Мәні мен мазмұны

- Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап беру.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §41.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз