Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары

Жезқазған қаласындағы

№133 негізгі мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі

Наурызбаева Қарлыға Елубайқызы

 

Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары

  • Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес,халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Абылай мен Тәуке ханның билік саясатына түсінік беру.

  • Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына  негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Көрнекі құралдар:

  • Картамен жұмыс жасауға өз бетінше қорытында жасауға, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттеріКарта, тірек схемалары, Абылай Тәуке хандардың суреттері, әр түрлі кестелер.
  • Сабақтың түрі: Қайталау, қорыту сабағы
  • Сабақтың формасы: Топпен жұмыс
  • Сабақтың әдіс-тәсілдері:Танымдық ойындар,СТО стратегиялары.

Сабақтың барысы:

  • І – Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, зейінді сабаққа аудару.
  • ІІ- Үй тапсырмасын тексеру
  • 1 Абылай хан тобы-Қазақ хандығының құрылуы
  • 2 Тәуке хан тобы-Қазақ хандығының құрылымы
  • Қазақ хандығының құрылуына себеп болған басты шарттарының бірі Әбілхайыр хандығындағы ру- тайпалардың саяси жағдайы, олардың шаруашылық өмірлеріндегі дағдарыстар, хан ұрпақтарының билік үшін таласы, ойрат пайпаларымен соғыста жеңіліске ұшырауы- халық бұқарасының Әбілхайыр ханға назарылығының өршей түсуіне себепші болды.Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайды дер кезінде, өз мақсаттарына пайдаланып,қазақ тайпаларын бастап, қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады.

1465 -66 жылдары Қозыбасыда қазақ хандығын құрды. Жаңадан құрылған қазақ хандығының тағына Шыңғыс ханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де ортыруға құқы болды.Бірақ тәртіп бойынша  жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды.Ақылдасар тірегі Жәнібек

Тарихи үйірме “атты рөлдік ойын

  • Сынып екі топқа бөлінеді.
  •  І топ Тәуке, ІІ топ Абылай. Әр оқушының атқаратын рөлі болады:
  • І реттеуші – ұйымдастыру (әр оқушыға сөз беріп отырады)
  • ІІ баяндаушы – топта өткен ой талқысын мұғалімге айтып береді.
  • ІІІ бейнелеуші- ол ханды көз алдыңа қалай елестететінін, соны сурет арқылы бейнелеп, мінездеме береді.

    ТАПСЫРМАЛАР

  • Картамен жұмыс
  • І Қазақ хандығының қай жерде және қашан құрылғанын көрсету.
  • ІІ Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақ хандығының шекарасын қай жерге дейін кеңейтуге ұмтылды.
  • Абылай хан (Әбілмәнсүр)

-Қазақтың ұлы хандарының бірі, аса көрнекті мемлекет қайраткері,қолбасшы және дипломат.1711 жылы Уәлидің шаңырағында дүниеге келген,әкесі жау қолынан қаза тауып,Ораз аталық дейтін адамның қолында тәрбиеленеді.Жастайынан ақылымен, батырлығы, табандылығымен көзге түседі.1771 жылы ресми түрде хан сайланады.Абылай өз заманының көреген де, ақылды саясаткері,данықты батыры, өткір ойлы, дарынды дипломаты болған.

Абылай хан (Әбілмәнсүр)

-Қазақтың ұлы хандарының бірі, аса көрнекті мемлекет қайраткері,қолбасшы және дипломат.1711 жылы Уәлидің шаңырағында дүниеге келген,әкесі жау қолынан қаза тауып,Ораз аталық дейтін адамның қолында тәрбиеленеді.Жастайынан ақылымен, батырлығы, табандылығымен көзге түседі.1771 жылы ресми түрде хан сайланады.Абылай өз заманының көреген де, ақылды саясаткері,данықты батыры, өткір ойлы, дарынды дипломаты болған.

Тәуке хан

 

  • Тәуке хан 1680-1718 жылдары  билік етті.

Тәуке хандық билікті күшейту үшін билер, ру басылары, тайпа және жүз басыларының көмегіне арқа сүйеді.Ол талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып,бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға күш салды, “Жеті жарғы” атты заң жинағын құрастырды.Әз –Тәуке билік құрған заман “қазақтардың алтын ғасыры, қой үстіне босторғай жұмыртқалаған заман” деп аталады.

Абылай хан тобы:

1.Абылай ханның ата тегін ата?

2.Абылай ханның 18 ғасырдағы әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткері, дипломат болғанын қалай дәлелдеуге болады?

3.Әбілхайыр ханның билігінің әлсіреуінің басты себебі не болды?

4.Қазақ тайпалары Әбілхайыр ханға неліктен нарағы болды?

5.Моғолстан ханы Есен-бұғы қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керейге қай жерлерден жер бөліп берді.

Тәуке хан тобы:

  1. “Жеті жарғы” заңы неше тараудан тұрады?
  2. Керей мен Жәнібек хандарының туыстық жақындығы қандай?
  3. Ұрлық жасағандарға қандай жаза қолданды?
  4. Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы қандай шаруашылық болды?
  5. Қазақ хандығының құрылуының, нығаюының тарихи маңызы қандай?

Із қуушы- оқушы даталар бойынша жұмыс істейді

Жылдар

                                    Оқиғалар

 

1711 жыл

 

 

1741 жыл

 

 

1771 жыл

 

 

1757-1777ж.ж.

 

Із қуушы- оқушы даталар бойынша жұмыс істейді

Жылдар

                                    Оқиғалар

 

ХYІІ- ХYІІІ ғ.

 

 

1687-1688ж.ж.

 

 

1686-1693ж.ж.

 

 

1718ж.

 

 

ДӘНЕКЕР-қазіргі өмірде осы қайраткерлердің алатын орны

  • 1.Абылай хан тобы
  • 2.Тәуке хан тобы
  • “Егер мен хан болсам......”деген тақырыпта ойтолғау жазу

 

Іздеуші- оқушының рөлі тақырыптан тыс мәліметтер деректер келтіру

Абылай хан тобы:

Абылай сонымен қатар күйші болды. Күйлері “Ақтолқын”, “Дүние қалды”,”Қайрат елім”,”Майда жел”.

Абылай 70 келіп дүниеден өтер кезде Бұқар жырауды шақырыпты.Сонда Бұқар жырау Абылайдан былай деп сұрапты:

“Не арман тілегіңіз бар” деген екен?

Жауабы: Абылай жыраулармен ақылдаса келе  үш арманың айтқан екен.

1.Көп қан төгілді. Мен төкпесем, дұшпан менің қанымды төгетін болды.

2.Халқым жер емшегін еме алмады,қала кент салғызып үлгермедім.

3.Елдің басы бірікпеді, теңтегі ,телесі көп болды.

Тәуке хан тобы:

Ақылы асқан Әз- Тәуке хан бұл дүниеден өтер кезде: “Қазақтың ұраны бірлік” деп көзін жұмған екен.

       Тәуке ханның елшісі,әрі кеңесшісінің бірі болған Қожаберген жырау “Жеті жарғының” пайда болуы-хақында былай дейді:

Шығайдан соң орнына Тәуке қалды,

Кезінде Әз- Тәуке деп атақ алды,

Қазыбек ,Төле,Әйтеке ақылшы боп,

Дейтұғын “Жеті жарғы ” заң шығарды

Бекіту      Тарихи  сынақхат

Абылай хан тобы:

Қазақ хандығының құрылуына себеп болған басты шарттарының бірі-............. Хандығындағы ру-тайпалардың саяси жағдайы, олардың шаруашылық өмірлеріндегі дағдарыстар,........ Ұрпақтарының билігі үшін таласы......... Сұлтандар қазақ тайпаларын бастап, қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс........      көшбастады

Тәуке хан тобы:

  • Моғолстан ханы............. Керей мен Жәнібекке............өзеннің бойынан қоныс бөліп берді.
  • ...... Жылдары Қазақ хандығын құрды.
  • Хан тағына.............. отырды.
  • Қазақ хандығының құрылымы............. Сатыдан қаланды.
  • Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы....................... Шаруашылығы болды

Қорытындылау

     Венн диаграммасы .  Тәуке хан тұсындағы  қазақ хандығы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз