Эссе және өлең-жыр байқауы

Қазақстанның XYIII ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті.

Бердіжарова Лаура

№134 орта мектеп мұғалімі.

Қызылорда обылысы

Қазалы ауданы

Шәкен ауылы

 

Қазақстанның XYIII ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті.

Сабақ  мақсаты:

Білімділік :Оқушыларды ХVІІІ  ғасырдағы мәдениеті орыс және шет ел ғалымдарының зерттеулерімен ,олардың еңбектері туралы, қазақ әдебиетінің дамуы және осы кезеңдегі жырау, ақындардың өмірі мен шығармашылығымен танысу.

Дамытушылық: Оқушылардың  білімдерін  тірек -  сызба  арқылы  түсіндіре отырып  толықтыру, шыңдау. Картамен  жұмыс жүргізу, топ болып жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:   Оқушылардың өз елінің Өлке тарихының тағылымы мол тарихи тұлғасы арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   Аралас, Ойын-сабақ, Дерек жинау,
Сабақтың  әдісі:   Сұрақ – жауап , түсіндіру, тірек сызба  арқылы оқыту,  топпен және жеке  жұмыс, «Почта» ойыны, «білім жәрмеңкесі», мәтінмен  жұмыс.
Пәнішілік байланысы: 
Тарих. Музыка. Еңбек. Әдебиет, Өлкетану.
Көрнекіліктер:  Интерактивті тақта.
Тірек – сызба,  Альбомдар, суреттер, карта.

І. Ұйымдастыру. . ( 2 мин)                                              

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

 2.Бар ынтасын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. почта ойыны(7 мин) Хат арқылы сұрақтар тарату.

ІІІ. Артық болмас білгенің. 3 мин 

P Сұрақтар  A B C Д Е
1 Сырым тұтқыннан қашан босатылды? 1783  ж 1784 ж 1785 ж 1786 ж 1787 ж
2 Сырым тобы қай тауға орналасты?

Мұғалжар 

Қаратау  Алтай Тарбағатай Сарыарқа
3 Есім хан қашан хан болып сайланды? 1788 ж 1794 ж 1795 ж 1791 ж 1787 ж
4 Көтерілістің қозғаушы күші? Феодалдар ұлттар Қазақ шаруасы қазақтар орыстар
5 Сырым қай жылы қайтыс болды? 1806 ж 1805 ж 1804 ж 1803 ж 1802 ж
6 Көтерілістің сипаты? Отарлауға қарсы Монархиялық Феодалдық

Азаматтық

Монархиялық отарлау

ІV. Жаңа сабаққа даярлық  (5 мин) 

МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ                                                    РУХАНИ МӘДЕНИЕТ

V. Жаңа сабақты түсіндіру.  (  15 мин)

Ж о с п а р: 1.Қазақтың ақындары.

                 2.Орыс ғалымдарының зертеулері.

ХVІІІ ғасырда қазақ халқы мәдениеті тарихында ерекше дамыған өнер 

  Ақындар Туған жылы. Туған жері. Қызметі. Шығармасы.
1 Ақтамберді жырау Сарыұлы. (1675 – 1768 ж) Оңтүстік Қазақстан Қаратау өңірі. Жырау, қолбасшы,дипломат, қыскаша сөздер шебері Қабанбай, Бөгенбайларға жыр арнаған.
2 Тәттіқара ақын. ХҮІІІ ғасыр. Қостанай обылысы, Урицкий ауданы. Азатық күрестің азаншысы, жауынгер ақын. Жәнібек ,Баян, Бөгенбай, Абылай хан туралы жырлаған.
3 Бұқар жырау Қалқаманұлы. (1684 – 1781 ж) Павладар обылысы, Баянауыл ауданы Әйгілі жырау,Абылай хан ақылшысы, абыз. Бізге жеткен жыры 1200 жол. Өмір, ерлік.ит.б жазған.
4 Үмбетей жырау Тілеу ұлы. (1706 – 1778 ж) Оңтүстік Қазақстан обылсы Қаратау өңірі. Жырау,жыршы.Бөгенбай батыр серігі. Бұхарға,Бәкеге, Жауқашарға,Жантай батыр,Бәгенбай өліміне,
5 Жанақ ақын. (1775 – 1846 ж) Шығыс Қазақстан обылысы, Абыралы ауданында  Суырып салма ақын.ХҮІІІ ғасырдағы  қазақ поэзиясы өкілі. «Қозы көрпеш – Баян сұлу» поэмасын бүгінге жеткізген.

Петр Симон Паллас - Неміс саяхатшысы натуралист  1768 – 1774 ж Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедицияның бірін басқарды. “Ресей мемлекеттерінің әр түрлі аймақтарына саяхат”атты еңбегінде халықтың жағдайы орналасуы туралы баяндалады.

Петр Иванович Рычков - Қазақ тарихын зеттеуде И.П.Рычковтың еңбегі зор. “Орынбор өлкесінің топографиясы”, “Орынбор тарихы” (1730 – 1750ж)” атты тамаша терең зерттеу еңбектерінде қазақ тарихының даму кезеңдері  мен көптеген қиыншылықтарын атап өтті.

Герард Фридрих Миллер - Сібір тарихын зерттеген еңбегі үшін де “Сібір тарихының атасы”  атанған Г.Ф.Миллер Қазақ Хандығы туралы Мағлұматтар оқып,  зерттеп жүйеге келтірген.

VІ.Сабақты бекіту. («білім жәрмеңкесі»    арқылы  10 мин)

Кітап - Бұхар жырау қай ханның кеңесшісі болған?

Қоңырау - Қабанбай, Бөгенбай батырға жыр арнаған жырау?

Дәптер - Философиялық ойларымен белгілі болған жырау?

Сөмке - И.П.Рычковтың еңбегі?

Балапан - Үмбетей жыраудың жырлары?

VІІ.Үйге тапсырма. (§ 12 оқып тақырып бойынша тест құру ,реферат жазу) 2мин

VІІІ. Оқушыларды бағалау. (1 мин) 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз