Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (22) Ұлағатты сөздер (16)

Сараңның жиған малы - арам.

Ілмектер: сараң, мал, арам Иүгінеки Ахмед

Таза жүрген жол таба алмай торығып,
Өсіп жүр ғой арам жолға түскендер.

Ілмектер: қоғам, заман, арам, жол Иүгінеки Ахмед

Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,
Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан.
Күні бұрын жуытпа маңайыңа,
Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан.

Ілмектер: жалқаулық, мінез, ашу, мақтаншақтық, көрсеқызар, арам, өтірік, мінез-құлық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Өзгелер бас қосуымызға сенімсіз көзбен қарайтын болса, оларға көмекші өзімізден табылар. Ағашты кесетін балта, балтаның сабы ағаш. Соның мысалы басқа нәрселерде де бар. Адал кәсіппен күн көре алмайтын я арам жемесе, басы ауыратын иттер қай жерде дс болса табылады. Айтпағанды айтты деп, етпегенді етті деп оттайтын хайуандар әсіресе біздің қазақта көп.

Ілмектер: адал, кәсіп, арам Ахмет Байтұрсынұлы

Арам табақтан адал ас өтпейді.

Ілмектер: арам, тағам, ас Жанақ Сағындықұлы

Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс.

Ілмектер: пікір, надандық, ниет, арам, адам, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Айтқан сөзге тұрмаған – жаман емей немене,
Сұрағанды бермеген – сараң емей немене,
Кісі ақысын көп жеген – арам емей немене,
Сыртыңдағы қулығың – амал емей немене,
Сусағанда берген су – шекер емей немене,
Ынжық ерге біткен мал – бекер емей немене?!

Ілмектер: сараң, жаман, арам, амал, бекер, нақыл Бұқар жырау

Арам молда аңқау елді алдап жер.

Ілмектер: арам, молда, ел, алдау

Тек әйелдермен және арам адамдармен жұмыс iстеу қиын. Олармен жақындассаң — тыңдаудан қалады. Олардан алыстасаң — олардың тарапынан жек көру туғызасың.

Ілмектер: әйел, арам, жұмыс, қиын, жек көру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Шiрiген лалагүл арам шөптен бетер сасиды.

Ілмектер: лалагүл, арам, шөп, сасу, сасық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир

Адамзат қазір екіге бөлініп алған сияқты – біреулері тек дүние қуып жүр, ал біреулері тек ақыретті қуып жүр. Ал кейбір адамдар екеуін де қатар ұстап жүрміз дейді. Бірақ бұл екіжүзділік. Мен дүниені көрсем, ақыретті ұмытып кетемін, ақыретті ұмытпайын десем, дүниені сүйіп кетемін.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, лагерь, дүние, ақырет, екіжүзділік, ми, ақиқат, әділдік, шындық, арам, махаббат Нарша Булгакбаев

Бізді жабайы, өзін ақылды көретін ақмақтығы сонша, арам ойларын дұрыстап бүркей де алмайды...

Ілмектер: ақыл, арам, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Құран беті ашылса, арам беті жабылса, арқадан жүк арылар, намазына асықса.

Ілмектер: құран, арам, харам, арамдық, арқа, жүк, намаз Нарша Булгакбаев

Жындыға қылыш ұстатқан қандай қауіпті болса, арамзаға билік беру сондай қауіпті.

Ілмектер: жынды, арам, қылыш, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Арам ыдыста адал ас, арам көңілде таза махаббат тұрмайды.

Ілмектер: арам, ас, ыдыс, махабат, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Құран беті ашылса, арам беті жабылса, арқадан жүк арылар, намазына асықса.

Ілмектер: Құран, арам, арқа, жүк, намаз Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев