Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (4) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (33)

Соңғы сөз әрқашан ортақ пікірге ұласуы керек.

Ілмектер: сөз, пікір Наполеон Бонапарт

Өзіңізге деген көзқарасыңыз, өзгелердің пікірін өзгертеді.

Ілмектер: көзқарас, пікір Соня Фридман

Өзгелердің пікірі сіз үшін шындыққа айналмауы тиіс.

Ілмектер: пікір, шындық Лес Браун

Тілден – зікір, көңілден – пікір.

Ілмектер: тіл, зікір, көңіл, пікір Сұлтанмахмұт Торайғыров

Пікір күшті болса, іс те күшті болмақ.

Ілмектер: пікір, іс Уильям Шекспир

«Мені ақша қызықтырмайды» немесе "әңгіме ақшада емес" деп кедей әкем айтатын, ал бай әкем: «Ақша — бұл билік» — деп өз пікірінен қайтпайтын.

Ілмектер: ақша, билік, әке, пікір Роберт Кийосаки

Адамның пікірін тыңдамай, ол туралы еш нәрсе айтуға болмайды.

Ілмектер: адам, пікір Агата Кристи

Ақылды адам өз пікірін өзінде ұстайды.

Ілмектер: адам, ақыл, пікір Агата Кристи

Тәкаппарлық өзі туралы тым жоғары және басқалар туралы тым төмен пікірден қалыптасады.

Ілмектер: тәкаппарлық, пікір Мишель де Монтень

Бала жөнінде әділ және дұрыс пікір айту үшін, оны өз ортасынан өзіміздің ортамызға алып келмей, өзіміз олардың рухани дүниесіне көшуіміз керек.

Ілмектер: бала, пікір, орта, рухани Николай Пирогов

Ақылы тар адам өз пікірін өзгеге таңуға бейім болады.

Ілмектер: ақыл, пікір Иоганн Вольфганг фон Гёте

Өмірде қате пікір болмайды. Тек біздің пікірімізбен сәйкес келмейтін пікірлер бар.

Ілмектер: өмір, пікір, нақыл сөздер Харуки Мураками

… Тыңдау сөйлеуден маңызды. Егер бұл шындық болмағанда біздің екі құлағымыз бен бір аузымыз болмас еді.Көп адам жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді тыңдап сосын пайдасына асырудың орнына аузымен ойлап, жағаласа береді. Сұрақ қоюдың орнына қарсы пікірін көп танытады.

Ілмектер: тыңдау, адам, пікір Роберт Кийосаки

Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс.

Ілмектер: пікір, надандық, ниет, арам, адам, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Өзіңіздің пікіріңіздің қате екендігін білсеңіз, бірден мойындаңыз.

Ілмектер: қате, пікір, мойындау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Егер сіз бір нәрсеге сенімді болсаңыз немесе қандай да бір нәрсемен келіспейтін болсаңыз, онда өз пікіріңізді сақтап қалғаныңыз дұрыс, өйткені жұмыс барысында ойлау ерекшелігі әрқашан бағаланады.

Ілмектер: ой, пікір, ойлау Анна Винтур

Адамды алғаш көргенде қалыптасатын пiкiр әдетте көп ұзамай өзгередi, ал бұл өзгерiс болғанша, адам туралы не тым жақсы, не тым нашар ойлайсың.

Ілмектер: адам, пікір, жақсы, жаман, өзгеріс, нақыл, қанатты сөздер Лев Толстой

Сенің дұшпандарың бар ма? Жақсы, демек өміріңде қандай да бір пікіріңді қорғап қалған екенсің.

Ілмектер: дұшпан, өмір, пікір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Ер жүректілік — тек тұрып, өз пікіріңді білдіру емес, отырып тыңдай білуде.

Ілмектер: ер жүрек, нақыл, пікір, қанатты сөздер, афоризм Уинстон Черчилль

Пікірлер теріс болса сұрау және оларға мән беру — өте маңызды. Әдетте, адамдар жағымсыз эмоциядан аулақ болуы үшін мұндайдан қашық, алшақ жүреді. Бірақ менің ойымша, бұл қате. Сынды ескермеген адам өспейді.

Ілмектер: пікір, теріс, сұрау, мән беру, маңызды, адам, эмоция, сын, қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск