Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (22) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (233) Ұлағатты сөздер (7)

Қазансыз алтын ошақтан,
Қара су қайнатқан мосым артық.
Қаңыраған алтын ордадан
Қара көжеге тоятын қосым артық.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Арам табақтан адал ас өтпейді.

Ілмектер: арам, тағам, ас Жанақ Сағындықұлы

Мен күрішке тек тағамдық дән деп қарамаймын. Ата-бабамның, атамекенімнің байырғы дақылы деп қараймын. Сондықтан жақсы көремін.

Ілмектер: күріш, дән, тағам Ыбырай Жақаев

Халқыңызды бақытты еткіңіз келсе, екі нәрсенің біреуін жасауыңыз тиіс. Оларды қанағаттандыратын нәрсені беріңіз: үздік тағам, үздік киім, үздік тұрғын-үй. Егер бұған мүмкіндік болмаса, осы жағдайда жетуге болатын жолды көрсетіңіз.

Ілмектер: халық, бақыт, үздік, үй, тағам, киім Ли Куан Ю

Берілі таудан аспаған, бедеуге қамшы баспаған, алысқа сапар шекпеген - ат қадірін білмейді; жақсы тамақ ішпеген, жайлы орынға түспеген - жат қадірін білмейді; қыста соғым соймаған, қозы етіне тоймаған - ас қадірін білмейді.

Ілмектер: ас, тағам, жат, сапар, қадір, нақыл, афоризм, соғым, тамақ Би-шешендер

Ақымақ не жесе де тамсана береді.

Ілмектер: ақымақ, ас, тағам, тамсану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Қызыл кітапқа кірген жануарлар аз да, дәмді, пайдалы тағам туралы Кітапқа енгендері — өте көп.

Ілмектер: қызыл кітап, жануар, дәмді, пайдалы, тағам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская