Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (2323)

Екі жақсы дос болмас — сірне үстінде xаты бар,
Ежелгі дұшпан ел болмас — көңілінде кір, даты бар.

Ілмектер: дос, дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Еріккенде қызыл тілін тыймаған бір пәлеге жолығар.

Ілмектер: тіл, пәле, қызыл тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Жағаңа дұшпан қолы тимеске — артыңда туысқанның көбі игі.

Ілмектер: дұшпан, туыс, туысқан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Би болмас — белін жуан буғанменен, тазармас заты жаман — жуғанменен.

Ілмектер: би, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Пасықтың пиғылы — лас.

Ілмектер: пасық, пиғыл, афоризм, қанатты сөздер, нақыл Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Айтқаныңа көнбесе, айдауыңа жүрмесе: көңілінде болғаны аласы.

Ілмектер: көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Абысынның арызы — ағайын сәнін кетірер,
Ағайынның арызы — елдің сәнін кетірер.

Ілмектер: абысын, туыс, ағайын, ел, арыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Арғымақ атқа көп міндім — садаға кетсін буданнан,
Азаматқа көп ердім — садаға кетсін туғаннан.

Ілмектер: арғымақ, садаға, туыс, азамат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Ит үрер жақсыға да, жаманға да.

Ілмектер: ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Әркімнің өзіне лайық қалыбы бар.

Ілмектер: қалып, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Дін мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда?

Ілмектер: дін, тіл, мұсылман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа.

Ілмектер: жаман, сыр, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Тас жерде қолдың ұшын бергенді айтшы,
Екінің бірі мырза тасқан жерде.
Жамандар көре алмаған қылады өсек,
Лайық заманында асқан ерді.

Ілмектер: заман, ер, өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Шапса да қанша жүйрік біреу озар,
Болмайды кіл үмітті қосқан жерде.
Билер көп төр алдында сөзін созар,
Жол табар көсем қайта қысқан жерде.

Ілмектер: жүйрік, үміт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?!

Ілмектер: мал, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Арту-арту бел келсе — атан тартар бүгіліп,
Алыстан қара көрінсе — арғымақ шабар тігіліп.
Алыстан жанжал сөз келсе — азулы сөйлер жүгініп.

Ілмектер: арғымақ, жанжал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

Ілмектер: ақыл, дос, дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Жігітті шешенсінген — дауда сына, есерді батырсынған — жауда сына.

Ілмектер: жігіт, шешен, дау, сын, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Кісіні көрсең, есікке
Жүгіре шық, кешікпе.
Қарсы алмасаң мейманды,
Кесір болар несіпке.

Ілмектер: қонақ, мейман, несіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Үмбетей Жырау

Жаулық жолын сүймеңіз: мынау жалған сұм дүние өтпей қалмас демеңіз.

Ілмектер: жау, дүние, нақыл, қанатты сөздер, афоризм Бұқар жырау