Шалкиіз Тіленшіұлы

Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі. Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай Ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі, Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді. Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Айдын сулар, аймақ көл – тасыса дөңбек келтірер,
Көп өтірік, жаман сөз – басыңа бәле келтірер.

Ілмектер: су, өтірік, бәле, нақыл, афоризм Шалкиіз Тіленшіұлы

Шешен жігіт – жол бастар, батыр жігіт – қол бастар.

Ілмектер: шешен, батыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Саған дұшпан – маған жау.

Ілмектер: дұшпан, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Жақсы да келер бұл көпке, жаман да келер бұл көпке.

Ілмектер: жақсы, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Жоғары қарап оқ атпа – жақын түсер қасыңа.

Ілмектер: оқ, жоғары, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Бар күшіңді сынамай – балуандармен күреспе.

Ілмектер: күш, нақыл, балуан, қанатты сөздер, афоризм Шалкиіз Тіленшіұлы

Тұсында болған мәртті қорлама – табылмайды керекте.

Ілмектер: қорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Тең атаның ұлы едің: дәрежеңді артық етсе – тәңірі етті.

Ілмектер: ата, ұл, дәреже, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Жез қарғылы құба арлан қорашыл төбет болған күн.

Ілмектер: төбет, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Жақсының жақсылығы сол болар – жаманменен қосылып сөйлемекке ар етер, жаманның жамандығы сол болар – сөйлесе бетін қара етер.

Ілмектер: жақсы, жаман, ар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Жаманннан туған жақсы бар – адам айтса нанғысыз,
Жақсыдан туған жаман бар – бір аяқ асқа алғысыз.

Ілмектер: жақсы, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Шалкиіз жырау Шалкиіз Тіленшіұлы

Күлелік те, ойналық,
Киелік те ішелік.
Мынау жалған дүние,
Кімдерден кейін қалмаған?!

Ілмектер: дүние, нақыл, афоризм Шалкиіз Тіленшіұлы

Жайыңды білмес қарындас - өзі дұшпан, өзі қас.

Ілмектер: дұшпан, қарындас, нақыл, афоризм Шалкиіз Тіленшіұлы

Шағырмақ бұлт - жай тастар, әділ жігіт - ел бастар.

Ілмектер: әділдік, нақыл, афоризм Шалкиіз Тіленшіұлы

Жаман туған бар болса, жақсы жолдас зар болса – жазаны сонда көрерсің.

Ілмектер: жаман, жақсы, жолдас, жаза Шалкиіз Тіленшіұлы

Жаманның жалаңдаған тілі жау.

Ілмектер: жаман, тіл, жау Шалкиіз Тіленшіұлы

Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтасын.

Ілмектер: дос Шалкиіз Тіленшіұлы

Жалаңаш барып жауға ти – тәңірі өзі біледі ажалымыз қайдан дүр.

Ілмектер: жау, ажал Шалкиіз Тіленшіұлы

Асқардан биік тау болмас –
Басына балапан ұшып қона алмас.
Бүркіттен қыран құс болмас –
Бауыры жайылмай бөрі алмас.

Ілмектер: тау, қыран, табиғат, нақыл сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас.

Ілмектер: ағайын, туыс, туысқан, жақсы, жаман, көре алмаушылық Шалкиіз Тіленшіұлы







nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)