Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (19) Өлеңдер (9) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (32) Ұлағатты сөздер (11)

Ақырзаман болғанда
Қатын би болар
Сиыр пұл болар
Туған балаң қу болар
Үй ішінде неше жан болса,
Бас-басына би болар.

Ілмектер: ақырзаман, қатын, бала, қу, би Мөңке би

Ақшаның құлы болуға да, биі болуға да болады.

Ілмектер: ақша, құл, би, таңдау Роберт Кийосаки

Хан қасында ақылды би болса - қара жерден кеме жүргізеді.

Ілмектер: ақыл, хан, би Майқы би

Қазақта би болмаса, би деген сөздің өзі қайдан шыққан?

Ілмектер: қазақ, би Жұмат Шанин

Билегенде, саған ешкім қарап тұрмағандай биле. Ән айтсаң, ешкім естіп тұрмағандай айт. Жақсы көрсең, сенің ешкім көңіліңді қалдырмағандай жақсы көр. Және бұл өмірде өзіңді жұмақта жүргендей сезін.

Ілмектер: би, ән, жақсы көру, өмір Марк Твен

Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт.

Ілмектер: әділдік, әділдік туралы нақыл сөздер, би Әлихан Бөкейханов

Би болмас — белін жуан буғанменен, тазармас заты жаман — жуғанменен.

Ілмектер: би, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Құл десең биді — күледі,
Құл десең құлды — өледі.

Ілмектер: құл, би, күлу, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Міржақып Дулатұлы

Би болмаған би болса,
Айтылмаған сөз қоймас.

Ілмектер: би, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Үмбетей Жырау

Қазіргі әншілер қайғыны биге, қасіретті арзан күлкіге, мұңды қуанышқа айналдырып жіберді.

Ілмектер: би, қасірет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әнші, қуаныш Бауыржан Момышұлы

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген - ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген - дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.

Ілмектер: ақыл, сөз, олжа, жол, ашу, су, дария, ағын су, Әйтеке би, әйтеке бидің шешендігі, туысқан, Әйтеке, би Әйтеке би