Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (8) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (139) Ұлағатты сөздер (48)

Австралия қойының еті төрт ай мұхитта кемемен жүріп келіп, Петербург базарында сатылады. Малы көшіп жүр, адамы қала болып отыр.

Ілмектер: Австралия, қой, қала, мал, заман, халық, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Жабыға – салма тоқым жалы бар деп,
Жаманға – басыңды име малы бар деп.

Ілмектер: мал, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Қайырсыз итке мал бітсе — аңқаң құрып келгенде саумал бермес ішерге.

Ілмектер: қайырсыз, мал, мүлік, мінез-құлық, адамгершілік Бұқар жырау

Қаршыға әлсіз болса қаз алмайды,
Ер жігіт малсыз құлаш жаза алмайды.
Бұл дүние – жұртты алдайтын бейне базар,
Әр адам өз әлінше базарлайды.

Ілмектер: базар, дүние, мал, жігіт, алдау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Есендікте — малыңды бер де батыр жи, басыңа қиын-қыстау іс түссе — дұшпанның қолы жете алмас.

Ілмектер: есен, есендік, мал, дұшпан Шалкиіз Тіленшіұлы

Атаның ұлы жақсыға — малыңды бер де, басың қос: бір күні болар керегі.

Ілмектер: ата, ұл, жақсы, мал Шалкиіз Тіленшіұлы

Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?!

Ілмектер: мал, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Мал жинасаң қойдан жи — майы кетпес шарадан,
Ит жинасаң сырттан жи — мал бермейді қорадан.

Ілмектер: мал, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Таудан аққан тас бұлақ тасыса құяр теңізге,
Қанша малы көп болсын, бай қуанар егізге.

Ілмектер: тас, теңіз, бай, егіз, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Арғымақтың жалы жоқ — жабылар жалымен теңесер,
Жақсылардың малы жоқ — жамандар малымен теңесер.

Ілмектер: жақсы, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, теңдік Бұқар жырау

Адамға мал мен мансап — жолдас емес.

Ілмектер: жолдас, мал, мансап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Байдың малын көтерме: тайып кетсе табаның, шашыңды берсе жетер ме?!

Ілмектер: бай, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Егерде мал керек болса — қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегiн сатқан қолөнерлi — қазақтың әулиесi сол.

Ілмектер: мал, қолөнер, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, алдау, адал, қазақ Абай Құнанбайұлы

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас,
Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.

Ілмектер: ар, мал, дүние, нәпсі, Қулық, сұмдық, ұрлық, маза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Абай Құнанбайұлы, Абай, ұлы абай Абай Құнанбайұлы

Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.

Ілмектер: мал, жау, бас, дау, қорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Құдайдан — қорық, пендеден — ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!

Ілмектер: құдай, қорқу, пенде, ұят, бала, оқу, білім, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар.

Ілмектер: нағыз, ер, дүние, мал Білге қаған

Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ.

Ілмектер: дүние, мал, атақ Қорқыт ата

Дүниенің малын жыйса да сараң тоймайды.

Ілмектер: дүние, мал, сараң Иүгінеки Ахмед

Мал-мүлік жидым деп мәз болма - жан кеткенде кетеді.

Ілмектер: мал, дүние, байлық, өлім, жан Қожа Ахмет Йассауи