Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (15) Мақал-мәтелдер (51) Ұлағатты сөздер (13) Әзіл, анекдоттар (1)

Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағады

Ілмектер: Талап, тас, шеге Бауыржан Момышұлы

Тастағы жазудан тағлым алғайсың.

Ілмектер: тас, жазу Білге қаған

Тас,
Тасты жібітетін ас.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Әкесі бар баланың жебесі тастан өтеді.

Ілмектер: әке, бала, тас, жебе Бұқар жырау

Қабақ шытпа шөл жерде,
Жатпа сырын білдірме.
Жігіт шағың келгенде,
Тісің болса шайна тас.

Ілмектер: шөл, жігіт, тас Мақтымқұлы

Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ.

Ілмектер: тас, тамыр, бауыр, хан Майқы би

Құм жиналып — тас болмас, құл жиналып — бас болмас.

Ілмектер: құм, құл, тас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Таудан аққан тас бұлақ тасыса құяр теңізге,
Қанша малы көп болсын, бай қуанар егізге.

Ілмектер: тас, теңіз, бай, егіз, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Әрбір үрген итке тас лақтыру үшін тоқтай беретін болсаңыз, ешқашан діттеген орныңызға жетпейсіз.

Ілмектер: ит, тас, орын, жету, діттеген орын, мақсат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Аспанға тас лақтырған адамға ұқсап бақпаңыз. Лақтырған тасыңыз аспанға жетпесе де, айналып келiп өзiңiздi табар.

Ілмектер: аспан, тас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ахикар

Адам — тас емес, тас та өзгереді.

Ілмектер: адам, тас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Сәулет өнері — тастан қаланған саз.

Ілмектер: сәулет, өнер, тас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, саз Иоганн Вольфганг фон Гёте

Ұлы ақын ба, әлде көптің бірі ме,
Байлама тас ешбірінің тіліне.

Ілмектер: ақын, тас, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни