Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (21) Өлеңдер (55) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (143) Ұлағатты сөздер (168) Әзіл, анекдоттар (2)

Аңдысқан ауыл болмас,
Ерегескен ел болмас.

Ілмектер: ел, халық, ауыл, ерегес

Жiгiттiң халыққа жаққаны –
Шырақ жаққаны.

Ілмектер: жігіт, халық

Халықтан бөлiнген
Қараң қалар.

Ілмектер: халық

Халық келiп-кеткендi сыйламайды,
Қиылып қызмет еткендi сыйлайды.

Ілмектер: халық, сый, қызмет

Көптiң құрығы ұзын.

Ілмектер: құрық, халық

Көштен бөлiнсең де,
Көптен бөлiнбе.

Ілмектер: көш, халық

Көктi тiреуге болмайды,
Көптi мiнеуге болмайды.

Ілмектер: халық, көк

Көзсiз күнелтсең де,
Көпсiз күнелте алмайсың.

Ілмектер: көз, халық

Көптiң мүлкiн көргенсiз алар.

Ілмектер: көргенсіз, халық

Кемеңгердiң артынан көп ередi.

Ілмектер: кемеңгер, халық

Азат жанды құл қылайын десеңіз,
Шүлен тарат, қайтар содан есеңіз.
«Жомарт» ат берген ерге тағылады,
Ел-жұрты соған қарай ағылады.

Ілмектер: құл, азат, ер, жомарт, халық

Атымтай кеткенімен, халықта аты қалды.

Ілмектер: атақ, халық

Аяқтың жаза басқаны үшін бастан сұрайды,
Баланың қатесі үшін әкеден сұрайды,
Жай халықтың қатесі үшін ханнан сұрайды.

Ілмектер: аяқ, жаза, бас, бала, қателік, қате, әке, халық, хан

Әділ патшаның әскері халықтан құралады.

Ілмектер: әділ, патша, әскер, халық

Бек өсер жай халықтың арқасында,
Тізгінді үзеңгімен тартсаң да!

Ілмектер: бек, халық, тізгін

Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.

Ілмектер: кеңес, сөз, ақыл, ұры, халық, той, ертең, би

Көшпелі елдің қоры болғанша,
Егінші елдің зоры бол.

Ілмектер: егін, егінші, көшпелі, ел, халық

Бек тәтті өмірді сүйсе,
Елдің күні қараңғы.

Ілмектер: өмір, бек, тәтті, ел, халық, күн, қараңғы, басшы

Халық қаласа,
Хан қайығын береді.

Ілмектер: халық, хан

Білсең, халықтан озасың,
Білмеген жамандар, мойның неге созасың.

Ілмектер: халық, озу, білмеу, мойын, созу, білім