Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (20) Өлеңдер (94) Мақал-мәтелдер (63) Ұлағатты сөздер (54)

Байдың күні пәрменмен,
Жарлының күні арманмен.

Ілмектер: бай, жарлы, кедей, пейіл, ынсап, күн, арман, пәрмен

Күншілдің күні қараң.

Ілмектер: күншіл, күн

Соқырға күн де қараңғы, түн де қараңғы.

Ілмектер: соқыр, күн, түн, адам, өмір

Күн батса қойға соқпақ табылады.

Ілмектер: күн, қой, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Батар күннің атары бар.

Ілмектер: күн, тәлім, тағлым, тәрбие

Күнің бір күн болса да жорға мініп өт.

Ілмектер: күн, жорға

Дүние жиып нетесің,
Бір күн тастап кетесің.

Ілмектер: дүние, күн

Күнде тойсаң боларсың, жұмада бір тойсаң өлерсің.

Ілмектер: күн, жұма

Жаманға түн де қараңғы, күн де қараңғы.

Ілмектер: жаман, күн, түн

Түнде ұшқыныңды жасыра біл,
Күндіз түтініңді жасыра біл.

Ілмектер: түн, күн, соғыс кезі

Жабықтан күні жарқырап,
Жайықтан суы сарқырап.

Ілмектер: күн, су, ел, халық

Бiлiмдiге дүние жарық,
Бiлiмсiздiі күнi кәрiп.

Ілмектер: білім, күн

Күні тайғанның дұшпаны қырағы.

Ілмектер: күн, дұшпан, парсы мақалы

Күнді күл шашып сөндіре алмассың.

Ілмектер: күн, күл, парсы мақалы

Жын діннен безсе,
Сұм күннен безеді.

Ілмектер: жын, сұм, дін, күн, парсы мақалы

Екі күннен кейін жаңа құмыраның суы да суып кетеді.

Ілмектер: күн, құмыра, жаңа, су, парсы мақалы

Кешегі күн өтті,
Алдыңғы күн өтті,
Бүгін енді жетті.

Ілмектер: кеше, бүгін, күн, парсы мақалы

Керіспейінше, ашу басылмайды.
Жел тұрмайынша, күн ашылмайды.

Ілмектер: ашу, керісу, жел, күн

Батар күннің де атар таңы бар.

Ілмектер: күн, таң, қырғыз мақалы

Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.

Ілмектер: ерте, кеш, нәсіп, күн, түн

Пікірлер