Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (23) Өлеңдер (10) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (13)

Жүйрік бестіден шығар,
Кеңес естіден шығар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, кеңес

Келбеті келгеннен
Кеңес сұра.

Ілмектер: кеңес, адам

Кемеңгер кеңес таппай қоймас.

Ілмектер: кемеңгер, кеңес, ел, халық

Кеңеспен кескен бармақ ауырмайды.

Ілмектер: кеңес, кеңесу

Кеңеспен кескен тон келте болмас.

Ілмектер: тон, кеңес, халық

Өзіңнен бір көйлек тоздырғаннан сұра.

Ілмектер: көйлек, сұрау, кеңес, ақыл

Кеңес қылған ел азбас,
Кеңінен пішкен тон тозбас.

Ілмектер: кеңес, тон, ел, халық

Кең тон тозбайды,
Кеңесті іс азбайды.

Ілмектер: кеңес, іс

Ақыл-кеңес бергенге қызмет қыл.

Ілмектер: ақыл, кеңес, қызмет

Ақыл-кеңес тыңдамаған адам
Әрдайым машақатқа түседі.

Ілмектер: ақыл, кеңес, машақат

Батырдан кеңес сұрасаң,
Қылыш, мылтық, байрағын айтар.
Шаруадан кеңес сұрасаң,
Соқасы мен тайлағын айтар.
Қасаптан кеңес сұрасаң,
Пышағы мен қайрағын айтар.

Ілмектер: батыр, кеңес, кеңес сұрау, қылыш, мылтық, байрақ, шаруа, соқа, тайлақ, қасап, пышақ, қайрақ

Кеңесті хан азбайды,
Кең киім тозбайды.

Ілмектер: киім, кеңес, хан, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.

Ілмектер: кеңес, сөз, ақыл, ұры, халық, той, ертең, би