Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (20)

Ексең егін,
Ішерсің тегін.

Ілмектер: еңбек, егін

Күтімді егін бітімді.
Бітімді егін түсімді.

Ілмектер: егіншілік, егін

Егініңді күн суар,
Күн суарма, түн суар.

Ілмектер: егіншілік, егін

Шегірткелер егін жер,
Екпей-сеппей тегін жер.

Ілмектер: егін, егіншілік

Егін ексең — ебін тап,
Ебін тапсаң — жерін тап.

Ілмектер: егін, егіншілік

Егін ексең —
Шығырыңды майла.
Мал өсірсең —
Қонысыңды сайла.

Ілмектер: егін, егіншілік

Егін жерге бітеді,
Ер жігіт елге бітеді.
Қоға көлге бітеді,
Көк жантақ шөлге бітеді.

Ілмектер: егін, жігіт

Егін ексең, мол ек,
Толтыр қанар-қабыңды.
Арық қазсаң, кең қаз,
Қандырар бақша, бағыңды.

Ілмектер: егін, егіншілік

Жаңбыр жауса — жер тоқ,
Егін ексе — ел тоқ.
Бұлақ ақса — көл тоқ.
Еңбек етсе — ер тоқ.

Ілмектер: жер, егін, бұлақ, еңбек

Шықпаған егіннен жер бүлінеді,
Олақ бастықтан ел бүлінеді.

Ілмектер: егін, жер, бастық, ел, халық, олақ

Жанжалды елге жақын қонба,
Оқпанды жерге егін салма.

Ілмектер: егін, ел, халық, жұрт, жанжал, жер

Бақпаса мал өспейді,
Баптамаса егін өспейді.

Ілмектер: жан-жануар, жануар, төрт түлік мал, егін

Тасқа егін шықпас,
Қас жаманға білім жұқпас.

Ілмектер: тас, егін, білім, ілім

Аларда даусыз өнімді,
Саларда келіс егінді.

Ілмектер: дау, егін, араб мақалы

Егіні біткеннің
Қырманына қыдыр қонады.

Ілмектер: егін, еңбек, қырман

Жерден жердің несі кем? -
Егін шықса, гүл өссе.
Ерден ердің несі кем
Уәдесін үде етсе.

Ілмектер: жер, егін, ер, уәде

Істегенің – піскен егін.

Ілмектер: іс, еңбек, егін, парсы мақалы

Егін салғанда келісім болса,
Қырман басында керісу болмайды.

Ілмектер: егін, келісім, керісу

Көшпелі елдің қоры болғанша,
Егінші елдің зоры бол.

Ілмектер: егін, егінші, көшпелі, ел, халық