Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (29) Ұлағатты сөздер (38)

Құлқынның құлы болғанша,
Халқыңның ұлы бол.

Ілмектер: құл, халық

Байға құл болғанша,
Байғұсқа ұл бол.

Ілмектер: бай, ұл, құл, пейіл, ынсап

Құл жиылып бас болмас,
Құм жиылып тас болмас.

Ілмектер: құл, құм, тас, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Құлдың көзі жоқ.

Ілмектер: құл, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Оған гүл де жақпайды,
Гүл өсірген құл да жақпайды.

Ілмектер: гүл, құл, Араб мақал-мәтелдері

Берейін деген құлына аннан-мұннан құралар,
Бермейін деген құлының жалғыз атын ұры алар.

Ілмектер: құл

Өлмеген құл алтын аяқпен су ішер.

Ілмектер: өлім, алтын, су, құл

Жастық - жалын,
Кәрілік - құл.

Ілмектер: жастық шақ, кәрілік, құл, жалын

Ер азамат белгісі -
Түзде мырза, үйде құл.

Ілмектер: ерлік, батырлық, мырза, үй, құл, ер, азамат

Ауыздағы тіл –
Бас сақтайтын құл.

Ілмектер: тіл, құл, парсы мақалы, бақ

Адам — әдет құлы.

Ілмектер: адам, әдет, құл, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Құдықтағы су да құлға жоқ.

Ілмектер: су, құдық, құл

Құлың – дұшпаның.

Ілмектер: құл, дұшпан

Бай көшерде жүгін жинайды,
Құл жұлығын жинайды.

Ілмектер: бай, көшу, құл, қырғыз мақалы

Жазған құлда шаршау жоқ.

Ілмектер: құл, шаршау, қырғыз мақалы

Аспаннан киіз жауса да,
Құлға ұлтарақ тимейді.

Ілмектер: аспан, киіз, құл, ұлтарақ

Атаңның құлы айтса да,
Әділдікке басыңды и.

Ілмектер: әділдік, ата, құл

Адам—қарынның құлы.

Ілмектер: адам, құл

Өзге елге ұл болғанша, өз еліңе құл бол.

Ілмектер: ұл, құл, ел

Азат жанды құл қылайын десеңіз,
Шүлен тарат, қайтар содан есеңіз.
«Жомарт» ат берген ерге тағылады,
Ел-жұрты соған қарай ағылады.

Ілмектер: құл, азат, ер, жомарт, халық